Қор қалай көмектеседі

Қордың бағдарламалары мен жобалары

Тұжырымдамаға сәйкес, халықтың тұтас топтарына көмек көрсетілетін даму бағдарламалары мен жобаларының бағыттары айқындалды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

«Қазақстан халқына» қоры өмірді құтқаруға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, медицинаның басым бағыттарын дамытуға, медициналық ұйымдарды жарақтандыруға және бүкіл ел бойынша денсаулық сақтау жүйесінің кәсіби әлеуетін нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы кешенді бағдарламаларды жүзеге асырады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
  • Қайырымдылық көмек сомасы: 151,7 млрд. теңге


ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ

«Қазақстан халқына» қоры бүкіл ел аумағында заманауи оңалту шешімдерін дамыту, қолжетімді орта қалыптастыру және әлеуметтік ықпалдасуды ілгерілету арқылы мүгедектігі бар адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасылардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қолдау және оңалту бағдарламаларын жүзеге асырады.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Қайырымдылық көмек сомасы: 17,4 млрд. теңге


БІЛІМ БЕРУ

«Қазақстан халқына» қоры сапалы оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мектептер мен білім беру инфрақұрылымының әлеуетін дамытуға, оқытудың заманауи үлгілерін енгізуге және балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан олардың жан-жақты дамуын қолдауға бағытталған білім беру саласындағы бастамаларды жүзеге асырады.
Білім БЕРУ
  • Қайырымдылық көмек сомасы: 107 млрд. теңге


СПОРТ

«Қазақстан халқына» қоры бұқаралық және инклюзивті спортты дамытуға, заманауи спорттық инфрақұрылымды құруға, параспортты қолдауға және бүкіл ел бойынша спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған спорт саласындағы бастамаларды іске асырады.
СПОРТ
  • Қайырымдылық көмек сомасы: 22,8 млрд. теңге


МӘДЕНИЕТ

«Қазақстан халқына» қоры өңірлерде қолжетімді және заманауи мәдени ортаны қалыптастыруға, жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған мәдениет саласындағы бастамаларды жүзеге асырады.
МӘДЕНИЕТ
  • Қайырымдылық көмек сомасы: 7,6 млрд. теңге


ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚҚА КӨМЕК КӨРСЕТУ

«Қазақстан халқына» қоры төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетеді. Бұған зардап шеккен отбасыларға қаржылық көмек, жаңа тұрғын үйлер салу және көшіру, сондай-ақ зардап шеккендердің қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге және өмір сүруін қалпына келтіруге бағытталған нақты инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кіреді.
ЧС
  • Қайырымдылық көмек сомасы: 20,606 млрд. теңге

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.