Су тасқыны 2024

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек

«Қазақстан халқына» қоры Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы бастамасын қолдағандардың барлығына алғысын білдіреді.

Қор Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының ауылдарында 627 отбасына арналған тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етті.

Жедел түрде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ағымдағы жылдың 30 сәуірі мен 31 тамызы аралығында Батыс Қазақстан (114), Солтүстік Қазақстан (200) және Қостанай облысынын (89) тұрғын үйлерінен айырылған 403 отбасы үшін типтік тұрғын үйлердің құрылысы және пайдалануға берілуі қамтамасыз етілді.

1-15 қыркүйек аралығында Қордан жаңа тұрғын үй иелерінің саны 500-ге дейін өсті - Құлсары қаласының (80) және Ақмола облысының бірнеше ауылының (15) тұрғындарына  жаңа баспаналардың кілттері табыс етілді.

Қордың Қамқоршылық кеңесі 2024 жылғы 8 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үй салуға 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекітті. Сонымен қатар, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы кезеңде заңды және жеке тұлғалардан Қордың шоттарына түскен барлық қайырымдылықтары осы мақсаттарға жұмсалады.

Зардап шеккендерге тұрғын үй салу үшін Қор Батыс Қазақстан (114), Солтүстік Қазақстан (100+100), Қостанай (89), Ақмола (144), Атырау (80 үй) облыстарының әкімдіктерімен меморандумдарға қол қойылған.

Меморандумда тараптардың міндеттері және барлық рәсімдердің ашықтығын сақтай отырып, қысқа мерзімде қайырымдылық мақсатқа жету үшін функцияларды бөлу айқындалған.

  • 1. Әкімдік және жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) су басу қаупінсіз жер учаскелерін бөлуді, инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) дайындауды қоса алғанда, құрылыс туралы қорытындыларды дайындауды, залалды бағалауды, сараптаманы қамтамасыз етеді.
  • 2. Құрылыс жұмыстарының көлемі мен объектілер тізбесі айқындалғаннан кейін тұрғын үй құрылысына ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттаманы) өңірлік "байланыстыру", түсіндіру жұмыстарын және жобаны зардап шеккен тұрғындармен келісуді қоса алғанда, ҚР заңнамасында көзделген кешенді сараптама және басқа да рұқсат беру құжаттамасын алу жүзеге асырылады.
  • 3. Облыс әкімдігі тапсырыс беруші ретінде мердігерлерді (құрылыс салушыларды, оның ішінде авторлық және техникалық қадағалау жөніндегі қызметтерді жеткізушілерді) іріктеу рәсімін қамтамасыз етеді, содан кейін Қор төлеуші ретінде әрекет ететін үш жақты шарт жасалады.
  • 4. Барлық кезеңдердің ашықтығы мен мониторингі үшін әкімдіктің жұмыс тобына ЖАО, тәуелсіз сараптамалық (бағалау) құрылымдарының өкілдерімен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Қор халықтық және қоғамдық бақылау форматын қолдай отырып, осы сайтта өңірлерде тұрғын үй салуға байланысты барлық ақпарат материалдарын орналастырады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында қордың қатысуымен мамыр-шілде айлары аралығында "Бірлік" («Солнечный-2»)шағын ауданыда (Петропавл қаласының маңы) рекордтық мерзімде 200 тұрғын үй салынды.

24 сәуірде облыс әкімдігімен «Қазақстан халқына» қоры есебінен 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды.

14 мамырда «Қазақмыс» корпорациясы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және «Қазақстан халқына» қоры 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.

Мердігерлерге төлеуші ретінде әрекет ететін «Қазақстан халқына» қорына «Қазақмыс» корпорациясы қайырымдылық көмек ретінде 2,4 млрд теңге бөледі.


Батыс Қазақстан облысы

Тамыз айында су тасқыны кезінде баспанасыз қалған отбасыларға қор қаражатына салынған үйлердің кілттері табыс етілді.

23 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 114 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылды.


Ақмола облысы

Осы жылдың 3 мамырда «Қазақстан халқына» ҚҚ мен Ақмола облысының әкімдігі Бұланды және Жарқайың аудандарында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.

Қордың қолдауымен Ақмола облысында Пригородное, Иванковка, Капитоновка, Журавлевка және Вознесенка ауылдарында 144 отбасына арналған үйлер салынуда.


Қостанай облысы

26 сәуірде Қостанай облысының әкімдігімен су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру туралы меморандумға қол қойылды.

Сауалнама және қираған үйлердің иелерімен кездесу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган Қостанай, Жангелдин және Амангелді аудандарындағы Алтынсарино, Тауш, Көлқамыс, Амангелді, Есір, Байғабыл, Ағаштыкөл, Қарасу, Амантоғай ауылдарына 89 тұрғын үй салу туралы ұсыныс жасалды.

Сонымен қатар, Тауш ауылының тұрғындары үшін құрастырмалы модульдік ангар типті спорт залы салынып, толықтай жабдықталады.


Атырау облысы

22 мамыр күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында типтік жоба бойынша 80 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.

9 қыркүйекте су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға 60 жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 


© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.