«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БОЙЫНША II КОНФЕРЕНЦИЯСЫ



Конференция Жазбасы

Конференция мақсаты:


  • Қор қызметінің бағыттарын кеңейту және көрсетілетін көмек көлемін ұлғайту, қайырымдылық жобаларын іске асыруға жаңа серіктестер мен демеушілерді тарту

2023 жылы Конференция өңірлердің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларын талқылауға арналады. Қазірдің өзінде Қордың негізгі бағдарламалары ауылдық жерлерде, шағын және моноқалаларда жүзеге асырылуда. Конференция бірнеше кезеңнен тұрады. Шара Қор қызметінің бағыттарын кеңейтуге және көрсетілетін көмек көлемін ауқымды етуге, қайырымдылық жобаларын іске асыруға жаңа серіктестер мен демеушілерді тартуға бағытталған.

7 тамыздан бастап Қордың қызметін кешенді бағалау үшін, оның ішінде қайырымдылық саясатының, жұмыс бағыттарының, іске асырылып жатқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының өзектілігін, тиімділігін талдау үшін КЕҰ өкілдері арасында сауалнама басталды.

Конференция шеңберінде 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Қор ҮЕҰ-мен денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша жекелеген тақырыптық онлайн zoom–кездесулер өткізеді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары, Қордың үлесі бойынша ұсыныстар талқыланады.

Қызу пікірталас өңірлерде офлайн форматта жалғасады. 5 қыркүйектен бастап Қор басшылығы барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бейінді мемлекеттік органдардың басшыларын, КЕҰ және қоғамдық пікір көшбасшыларын, мәслихат депутаттарын, Қоғамдық кеңес мүшелерін, сарапшыларды, Қордың серіктестері мен журналистерді шақыра отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр. Қордың қайырымдылық бастамаларын таныстыру, Қордың қатысуымен өңірде іске асыру үшін ұсынылатын жобаларды және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылау жоспарлануда. Облыстар мен қалаларда ауылдық тірек мектептерге, арнайы мектептерге, оңалту орталықтарына, медициналық ұйымдарға және басқа да нысандарға бару және мониторинг жүргізу, сондай-ақ Қордың қолдауына ие болған азаматтармен кездесу жоспарланған.

Аймақтардағы zoom-кездесулер мен дөңгелек үстелдердің қорытындысы қазан айында Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның қорытынды отырысында айтылады.

КЕҰ арналған сауалнама

Қордың қызметін кешенді бағалауға арналған сауалнама КЕҰ арасында жүргізіледі. Сауалнамаға сілтеме: https://survey.questionstar.com/ac45080a


КЕҰ zoom-кездесудің кестесі

Жалпы кездесу

15 тамыз, 15:00

Бағыты

Күні және уақыты

Денсаулық сақтау

16 тамыз, 15:00

18 тамыз, 15:00

29 тамыз, 15:00

31 тамыз, 15:00

1 қыркүйек, 11:00

Әлеуметтік сала

17 тамыз, 15:00

21 тамыз, 15:00

28 тамыз, 15:00

31 тамыз, 11:00

1 қыркүйек, 15:00

Білім беру

16 тамыз, 11:00

17 тамыз, 11:00

18 тамыз, 11:00

28 тамыз, 11:00

29 тамыз, 11:00

Спорт

21 тамыз, 11:00

23 тамыз, 11:00

25 тамыз, 11:00

Мәдениет  

22 тамыз, 11:00

24 тамыз, 11:00

 

Қызметіңіздің бағыты бойынша кездесуге қатысу үшін келесі деректерді – ұйымның атауын, қатысушының аты-жөнін және лауазымын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жіберу қажет. Содан кейін электрондық поштаңызға кездесуге қатысу үшін сілтеме жіберіледі. 




© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.