Қоғамдық әлеуметтік қор

«Қазақстан халқына»

Қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған

Қор мақсаттары

  • Қор қызметінің негізгі мақсаттары болып табылады: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету;
  • азаматтардың рухани, танымдық және өзге де гуманистік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін қоғамдық денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту салаларындағы қайырымдылық жобаларын іске асыру;
  • республикада қайырымдылық мәдениетін дамыту, қоғамның, бизнестің және мемлекеттің қайырымдылыққа сенімін нығайту, қайырымдылықтың барлық субъектілерінің ымырасы;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде құқық қорғау органдары, арнаулы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, ауыр жараланғандардың және қаза тапқан деп танылғандардың отбасыларын қолдау;
  • Қордың басқару органдарының шешімдеріне сәйкес өзге де қайырымдылық көмек.

Құндылықтар

  • 1. Әсер ету тұрақтылығы

    Көмекке мұқтаж кез-келген адам осы көмекке тәуелді. Әсер ету тұрақтылығының мәні мынаған негізделеді: көмек алушы (көмек алушылардың тобы) Қордан көмек алуын тоқтатқаннан кейін бастапқы күйіне оралмауы тиіс және өмірінің сапасын жақсартуға мүмкіндігі артуы тиіс. Қордың әсерінің тұрақтылығы дегеніміз тұрақты дамудың (sustainable development) жалпыға мәлім тәсілдемесін қолдануды білдіреді, бұл ретте қоғамның ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру кейінгі ұрпаққа пайда келтіруді және зиян тигізбеуді ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл әрбір қайырымдылық бағдарламада және жобада стратегия, жоспар және мақсатты индикаторлар болған кезде Қордың жүйелі түрде және тұрақты көмек көрсетуіне ұмтылуын білдіреді.

  • 2. Жауапкершілікпен шығу

    Қор қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын кезеңдік. Бірізді және кешенді жұмыс болатындай етіп жоспарлайды, қалыптастырады және жүзеге асырады. Пайдаланылмайтын және тұрып қалған жабдық немесе нысан болмауы тиіс, қаржыландыру кенет тоқтатылып қалмауы тиіс және ынтымақтастық аяқталғаннан кейін көмек алушыларға назар аудару төмендеп қалмауы тиіс.

  • 3. Ішкі дамудың басымдығы

    Егер емделушіні қазақстандық мамандардың күшімен емдеу мүмкін болмаса, онда емделушіні шетелде емдеуді қаржыландыру мен емделушіні емдеу үшін шетелдік маманның біздің елге келуін ұйымдастыру арасында таңдау болған жағдайда екінші нұсқа таңдалғаны жөн. Бұл қазақстандық мамандар үшін де жаңа тәжірибе болады және аталған медициналық қызметті Қазақстанның аумағында алдағы уақытта шоғырландыруға мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтеріне ерекше назар аударылады, алайда мұндай тауарлар немесе қызметтер Қазақстанда өндірілмейтін, шетелдік аналогтардан әлдеқайда қымбат болған, немесе сапасы талап етілетін стандарттарға сәйкес келмейтін жағдайлар ескерілмейді.

  • 4. Ақпарат және коммуникация

    Қордың әр шешімі ақпаратқа, деректерге және білімге сүйенеді. Статистика, мониторинг, аналитика, сапалы және көлемді ақпараттың теңгерімі, деректердің негізінде қабылданған шешімдер (data driven management) және білімді басқару (knowledge management) қызметтің маңызды элементтері екеніне Қор сенімді. Қоғамдық пікір табысты жария коммуникация өзекті рөлді атқаратын кез-келген ұйымның дамуының маңызды факторы болып табылады.

  • 5. Технологиялылық

    Қор цифрлық технологияларды енгізуге, жұмыс процедуралары мен құралдарын бірегейлендіруге және сабақтастығына, еңбек шығындарын, материалдық және қаржылық құралдарды, уақыт пен басқа ресурстарды оңтайландыруға ерекше назар аударады.

  • 6. Ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу

    Қор ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен (ғалымдармен, сарапшылармен, консультанттармен; ғылыми, салалық және өзге ұйымдармен, соның ішінде ЖОО-лармен және ҮЕҰ-мен) өзара әрекеттеседі және оларды өз қызметіне тартады. Осындай өзара әрекеттесу ақылы негізде жүзеге асырылуын Қор қалыпты жағдай деп есептейді.

  • 7. Мүдделер шиеленісі

    Қордың құрылтайшыларының (қатысушыларының), басқару органдарының мүшелерінің және өзге лауазымды тұлғаларының Қордың қаражатынан қаржыландыруын Қор оңтайлы емес деп есептейді. Қор мүдделер шиеленісіне әкеп соғуы мүмкін жағдайларға жол бермеуге ұмтылады, шиеленіскен жағдайларға Қордың мүдделері мен аталған тұлғалардың жеке мүдделері арасындағы кез-келген қарама-қайшылықты білдіреді.

  • 8. Қайырымдылық жасаушының презумпциясы

    Қор барлық қайырымдылық көмектері Қордың жарғылық мақсаттарына бағытталатынына және ерікті түрде ғана жүзеге асырылатынына негізделеді. Қорды ақша қаражаттарының шығу тегі қызықтырмайды және қайырымдылық пен оның қызметі туралы бағалау пайымдамаларын бермейді.


  • Қор қызметінің қағидаттары

    • Дербестік

      Қайырымдылықты жүзеге асырған кезде Қор өзіндік миссиясы мен мақсаттарын басшылыққа алады және мемлекеттік бағдарламаларға және бастамаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және өзге қауымдастықтардың, соның ішінде ірі корпорациялардың, қайырымдылық қорларының, саяси партиялардың және діни бірлестіктердің стратегиялық мақсаттарына ұқсайтын барлық жайттардан тартынады.

    • Бейтараптылық

      Қордың қайырымдылық көмегін көрсету туралы және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру туралы шешімдері барынша әділ критерийлерге негізделеді, заңнаманың талаптарына сүйенеді, мамандар мен сарапшылардың ресми ақпараты мен жан-жақты пікірлері ескеріледі.

    • Айқындық

      Қордың қызметі туралы барлық ақпарат жалпыға қолжетімді болуы тиіс, Қор есептіліктің жалпы қабылданған стандарттарын ұстанады, сыртқы дербес аудитті жүйелі түрде жүргізу қажеттілігін қолдайды және барлық мүдделі тараптарға өзі туралы ақпарат беруге ұмтылатын болады.

    • Оңтайлылық

      Жанашырлық жәрдем қолма-қол ақшасыз нысанда ғана қабылданады, кесімді бенефициарларға көмек тауарлар мен қызметтер түрінде көрсетіледі. Барлық жанашырлық жәрдем Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын мақсатты қаржыландыруға, Қордың әкімшілік шығындарын өтеуге жұмсалады, әдетте, қаражатты екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге орналастыру арқылы және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына салу арқылы өтеледі. Тауарлар мен қызметтерді Қор бәсекелестік негізінде, баға мен сапаның оңтайлы арақатынасының шартына сәйкес сатып алады.


    Қор жұмысының бағыттары

  • Елдің ауқымында өзекті атқарымды жабдықтармен және құрал-саймандармен материалдық-техникалық жабдықтауға көмектесу.
  • Критерийлер:

    1) ағымдағы сәттегі жағдайлардағы маңызды;

    2) мінсіз қажетті;

    3) тапшы;

    4) заманауи;

    5) заманауи және/немесе инновациялық.

  • Азаматтарды бейресми оқытуды кеңейтуге ықпал ету.
  • 1) кәсіби кадрлардың (медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және т.б.) біліктілігін арттыру;

    2) балалар мен жастарға қосымша білім беру;

    3) ересектердің өздігінен білім алуы (қоғамдық орталықтар, кітапханалар, жеке оқу, медианы қарап шығу, театрлар, мұражайлар, галереялар, концерттер, мәдениеттің, өнер мен туризмнің өзге қызметтерін тұтыну).

  • Халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетудің қолданыстағы жүйелерінің, құралдары мен үдерістерінің тиімділігін арттыруға қатысу.
  • 1) жүйе – заңнаманы жетілдіру, соның ішінде трансплантология саласындағы заңнаманы жетілдіру, зерттеулер жүргізу, инфрақұрылымды дамыту;

    2) құралдар – ҮЕҰ тәжірибесін және өзге әлеуметік жобаларды тираждау;

    3) үдерістер – қаржыландыру көздерінің тұрақтылығын арттыру (эндаументтерді, мақсатты капиталдың өзге түрлерін жасау, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау).

  • Әлеуметтік инновациларды қолдау және енгізу.
  • 1) әрекет етуше шешімдерге қарағанда анағұрлым тиімді, ықпалды, төзімді немесе әділ болып табылатын және жасалатын құндылық жекелеген тұлғаларға емес, жалпы қоғамға тиетін әлеуметтік мәселелердің жаңа шешімдерін қолдау;

    2) емдеудің инновациялық әдістерін қолдау.

  • Айрықша жағдайларда жекелеген азаматтарға мақсатты көмек көрсету.
  • 1) шетелде емделуге мүмкіндіктері жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық емес себептер бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында шетелге емделуге жіберу;

    2) әртүрлі аурулар мен науқас күйлерді емдеу үшін мемлекет қамтамасыз етпейтін дәрілік препараттарды сатып алу;

    3) айрықша жағдайларда жекелеген жеке тұлғаларға атаулы көмек көрсету.

  • Төтенше жағдайлар кезінде кешенді көмек көрсету.

  • Жұмыс жоспары

    Жыл сайын Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қордың тиісті жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.


    Басқарма және Қамқоршылық кеңес

    Қор Басқармасы мен Қамқоршылық кеңесінің құрамына халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде көпжылдық тәжірибесі, жүйелі көзқарасы бар және өздерін адал да жауапты орындаушы ретінде көрсете білген қоғам өкілдері, ҮЕҰ және сарапшылар кіреді.


    Сараптамалық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу

    Халықтың өтінімдерін қаржыландыру туралы шешім тәуелсіз сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп қабылданады. Егер сіз Қордың сарапшысы болғыңыз келсе, халықтың келесі санаттарының нақты мәселелерін шешуде айтарлықтай тәжірибеңіз болуы керек:

    • Ауыр, сирек кездесетін аурулары бар балалар
    • Қиын өмірлік жағдайдағы балалар
    • Жетімдер
    • Кедейлік шегінен төмен отбасылар
    • Төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккендер
    • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқандардың отбасылары
    • Сирек кездесетін аурулары бар ересектер
    • Мүмкіндігі шектеулі адамдар
    • Талантты балалар

    АШЫҚТЫҚ

    Қор қызметтің ашықтығы мен айқындылығы қағидаттарын ұстанады. Жобалар аяқталған кезде Қор құжаттары мен ақша жұмсалуы туралы есептермен танысуға болады

    ҚОРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ

    Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

    Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
    Дизайн десант көмегімен.