«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры


"Қазақстан халқына" ҚҚ қайырымдылық жасаушылар мен серіктестерге қосқан үлесі мен ынтымақтастығы үшін арнайы сыйлықтар табыс етті

 2024 жылғы 2 қазанда Астанада 3-ші Ұлттық қайырымдылық конференциясы аясында қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды тануға бағытталған және "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры құрған арнайы сыйлықтарды табыстау салтанаты өтті.

Сыйлықтың атауы – "Қазақстан халқынан", қордың атауымен үндеседі және баршамыз Қазақстанның біртұтас халқы екенімізді көрсете отыра, қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың бірлігін бейнелейді. Жүрек пен бионикалық қолмен безендірілген шыны стелла қайырымдылық, инновация және ғылым арасындағы байланысты білдіреді, бұл жаңа технологияның арқасында адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады. Номинациялар мен лауреаттар:

  • "Ерекше қайырымдылық қолдау сыйлығы"

    ERG

  • "Қайырымдылықтағы Стратегиялық альянс сыйлығы"

    Қазақмыс корпорациясы

  • "Қайырымдылық мақсаттар үшін бейілділік сыйлығы"

    Қазақстан Халық банкі

  • "Жергілікті қоғамдастық үшін қайырымдылық серіктестік сыйлығы"

    Solidcore Resources

  • "Аймақтың игілігі үшін стратегиялық альянс сыйлығы"

    Қызылорда облысының әкімдігі

  • "Білім беруді дамытуға қосқан тұрақты үлесі үшін сыйлығы"

    Білім беруді тұрақты дамыту қоры

  • "Инклюзивті қоғамды дамыту"

    "Қамқорлық" корпоративтік қоры

  • "Шабыттандыратын қайырымдылық жасаушы"

    Талғат Кенжеболатов

    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
    Дизайн десант көмегімен.