«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры

III-ші ұлттық қайырымдылық конференциясы: күш пен серіктестерді біріктіру


2 қазанда "Қазақстан халқына" ҚҚ "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-мен серіктестікте жыл сайынғы ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізді.

Конференция мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы ұлттық қайырымдылықты дамыту, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері бойынша диалог алаңына айналды. 

2022 жылы еліміздің қайырымдылық қызметіне қатысы бар негізгі ҮЕҰ-лардың қатысуымен өткен бірінші конференцияда Қор қызметінің тұжырымдамасы мен бағыттары мақұлданған болатын. Былтыр кешенді бағалаумен қатар қайырымдылық жобаларының өңірлік картасы мақұлданды, соның ішінде олардың өзектілігі, қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының бастамашыларымен өзара іс-қимылдың тиімділігі талданды.

Диалог алаңындағы кезекті кездесу әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында ірі компаниялар мен қайырымдылық қорлар, ҮЕҰ, ЖАО қатарындағы меценат-серіктестер арасындағы өзара іс-қимылға арналған. 

"Қор, бизнес және жергілікті билік серіктестігі", "Корпоративтік әріптестік перспективалары" тақырыбындағы панельдік сессияларға "Самұрық-Қазына" АҚ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Еуразиялық Топ" ЖШС (ERG), "Solidcore Eurasia" ЖШС, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, "Қамқорлық қоры"ҚҚ, Aitas холдингі, "СП КАТКО" ЖШС, "Азиялық газ құбыры" ЖШС, КПО және Шеврон өкілдері қатысты. Олар қайырымдылық жобаларын іске асыру, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау және қайырымдылық жасаушының атын таныту туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Спикерлер қайырымдылық жобаларын табысты іске асыруға ықпал ететін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Донорлардың Қор қызметіне деген сенімін нығайтудың маңызды факторларының бірі қаражатты жұмсау бойынша ашықтық деңгейі болып табылады. 

"Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев өз сөзінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, спорт және мәдениет сияқты салаларды қамтитын қор жобаларының бірегейлігі мен ауқымын атап өтті. 92 қайырымдылық бағдарлама сәтті жүзеге асырылып, 180 млрд теңгеге жуық жеке қайырымдылық тартылды.

Ауыл тұрғындары үшін өмір сүру сапасы мен әлеуметтік инфрақұрылымды арттыруға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылады. Болат Жәмішев жинақталған тәжірибе қорға қайырымдылық жобаларын масштабтауға, оларды алушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге және кеңейтуге, оның ішінде қайырымдылық жасаушылардың әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары шеңберіндегі ұсыныстарын назарға ала отырып, мүмкіндік беретінін атап өтті.  

 Конференция еліміздегі қайырымдылық идеяларын дамытуға және ілгерілетуге елеулі үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға берілетін "Қазақстан халқынан" арнайы қайырымдылық сыйлықтарымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.