«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған бастамасына және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес «Қазақстан халқына» қорына жыл сайын таза кірістің кемінде 7 пайызы мөлшеріндегі қаражатты аударып отырады
Аударымдардың жылдар бойынша көрсеткіші:
Қор «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес ұлттық лотерея операторынан міндетті мүліктік жарналарды алады, оған сәйкес лотерея операторы лотерея билеттерін өткізуден түскен түсім мен ұтыс қоры арасындағы айырманың кемінде 10 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына тоқсан сайын аударуға міндетті.
Жарналардың жылдар бойынша көрсеткіші:
Қор «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 4-тармағына және «Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшалай қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және ҚХ ҚҚ, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін мөлшерлемелерден аударымдардың мөлшерін белгілеу және аударымдарды жіберу пропорциясын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.2026 ж. №167 қаулысына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушыдан міндетті мүліктік жарналарды алады, оған сәйкес құмар ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрбір қабылданған мөлшерлемесінен қалыптасқан, тиісті тоқсан үшін ұсталған 3,3 % мөлшеріндегі аударымдардың жалпы сомасының кемінде 21 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына тоқсан сайын аударуға міндетті.
Жарналардың жылдар бойынша көрсеткіші:
Қордың қызметін сондай-ақ Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға ерікті түрде қайырмалдықтар жіберетін компаниялар мен жеке тұлғаларды қоса алғанда, жеке донорлар қолдайды.
Қайырмалдықтардың жылдар бойынша көрсеткіші:
31.08.2026 ж. жағдай бойынша 330 280 866 597,03 теңге түсті
Қор қайырмалдық жасаған әрбір адамға алғыс білдіреді! Алынған барлық ақшалай қаражат тек Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын мақсатты қаржыландыруға ғана бағытталады
Сіз Қордың құзыреті шегінде қарауға өтінім жібере аласыз