СУ ТАСЫНЫНАН ЖАЗҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ

Батыс Қазақстан облысы

Құрылыс барысы туралы ақпарат:

Ағымдағы күй

Тамыз айында су тасқыны кезінде баспанасыз қалған отбасыларға қор қаражатына салынған үйлердің кілттері табыс етілді.

23 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 114 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылды.

Тұрғын үйлер келесі елді мекендерде салынды:

  • 1. Жымпиты ауылы – 49;
  • 2. Бұлдырты ауылы – 25;
  • 3. Өлеңті ауылы – 38;
  • 4. Жетікөл ауылы – 1;
  • 5. Жаңақоныс ауылы – 1.

  • Фото-отчет

    07.08.2024 ж.

    7 тамызда Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов, Ләззат Рысбекова және ҚР Мәжілісінің депутаты, белгілі адвокат Абзал Құспан келді. Олар Өлеңті ауылында болып, Сырым ауданындағы тасқыннан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан үйлердің құрылысын көрді. Нысанды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов таныстырды. Әкімнің орынбасары Қайрат Төлеповтың айтуынша, атқарылған жұмыстар көлемі 90% - ға таяды. Кешегі аптада Қарасу мөлтекауданында 14 үйдің кілті иелеріне салтанатты түрде тапсырылды. Өлеңті ауылындағы жаңа орыннан ірге көтеріп жатқан үйлердің де ішіне жан толатын күн жақын. Қазір ішкі әрлеу - әктеу, газ бен су тарту, дуалын тұрғызу сияқты жұмыстар жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Бұлдырты, Өлеңті және Жымпитыда жекелеген көшелерден де “қызыл үйлер” бой көтеруде. Парламент өкілдері құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынына оң баға берді.


    01.08.2024 ж. Жымпиты ауылы

    27.06.2024 ж. Бұлдырты, Жымпиты ауылы

    20.06.2024 ж. Жымпиты ауылы

    14.06.2024 ж. Сырым ауданы

    05.06.2024 ж. Сырым ауданы

    27.05.2024 ж.

    20.05.2024 ж.

    13.05.2024 ж.
    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
    Дизайн десант көмегімен.