26 сәуірде Қостанай облысының әкімдігімен су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру туралы меморандумға қол қойылды.
Сауалнама және қираған үйлердің иелерімен кездесу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган Қостанай, Жангелдин және Амангелді аудандарындағы Алтынсарино, Тауш, Көлқамыс, Амангелді, Есір, Байғабыл, Ағаштыкөл, Қарасу, Амантоғай ауылдарына 88 тұрғын үй салу туралы ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар, Тауш ауылының тұрғындары үшін құрастырмалы модульдік ангар типті спорт залы салынып, толықтай жабдықталады.