Қайырымдылық бағдарламасы

Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету


Сіз осы бағдарламаға ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі 8 қазақстандық банктегі Қордың шоттарына аудару арқылы, оның ішінде банктердің мобильді қосымшалары арқылы («Қайырымдылық» бөлімі, «Қазақстан халқына» ҚҚ) мақсатты қайырымдылық жасай аласыз

Бағдарлама мақсаты

Мүгедектігі бар балалар мен жастардың (14-29 жас) өмір сүру сапасын әрбір пайдаланушының қажеттіліктерін ескере отырып дайындалатын сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету жолымен өзгерту.


Бағдарлама бюджеті

2022-2023 жж. арналған

1 568 000 тыс. теңге

Қор мемлекеттік бюджетте көзделген соманы Қордың электрондық порталына өтінім берген мүгедек адамдарға бірлесіп қаржыландыруды көздейтін болады.


Негіз

Мүгедектігі бар адамдарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСӘДМ) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік–ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Протездік-ортопедиялық бұйымдардың тізбесі «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің порталында орналастырылады, онда мүгедектігі бар адамдар қажетті протездік-ортопедиялық бұйымды өз бетінше таңдайды.

Протездік-ортопедиялық бұйымдарды таңдау мемлекеттік бюджеттен кепілдендірілген сомамен шектелген және неғұрлым функционалдық протездік-ортопедиялық бұйымды сатып алу үшін мүгедек адамдарға қосымша қаржыландыру талап етіледі. Мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі оңалтудың сапалы техникалық құралдарын сатып алуды қаржыландырудың жеткіліксіздігінен мұқтаждардың қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Протездік-ортопедиялық бұйымдарды дұрыс таңдау үздіксіз оңалту процесін қолдау, қозғалыс бұзылыстары бар адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен белсенділігін қамтамасыз ету және тәуелсіз белсенділіктің шекарасын кеңейту, сондай-ақ қайталама және үшінші деңгейлі асқынулардың дамуын болдырмау үшін қажет.

Протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің ағымдағы жүйесі бірінші кезекте бюджеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындау жүйесіне және бұйымдардың төмен құнына бағдарланған, бұл ретте пайдаланушылардың жеке қажеттіліктері мен оңалту әлеуетіне бағдарлау қажеттілігі және алушы адамдардың өмірлік қажеттіліктері ескерілмейді. Сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдар пайдаланушылардың жеке параметрлері бойынша жасалады және бірінші кезекте оңалту әлеуеті мен оның өмірлік қажеттіліктеріне бағдарланады, өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Сапалы өнімдер мүгедектігі бар адамдарға ауырсынуды азайтуға, физикалық ыңғайсыздықты азайтуға, бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге, ұтқырлық пен тәуелсіздікті арттыруға, екінші және үшінші бұзылулардың алдын алуға, өзін-өзі тануға ынталандыруға, спорттық жетістіктерді жақсартуға мүмкіндік береді.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы

  • жоғарғы аяқ-қолдарды протездеу үшін – алушының жасы 16-дан 29 жасқа дейін және екі қолы жоқ балалар;
  • төменгі аяқтарды протездеу үшін – барлық балалар мен жастар (14-29 жас)

Қысқаша сипаттамасы

Бағдарлама мүгедектігі бар балалар мен жастардың (14-29 жас) тіршілік әрекетін жеңілдетуге бағытталған және оларға әлеуметтенуге мүмкіндік береді. Бағдарлама әрбір пайдаланушының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті өндірушілерден дайындалатын протездік-ортопедиялық бұйымдарды сатып алуды көздейді.

Протездің қажеттілігін бағалау және таңдау бағдарламасының міндетті шарты оңтайлы қолайлы протездік-ортопедиялық өнімді анықтау үшін бастапқы кеңес беру болып табылады. Протездік-ортопедиялық бұйымға мұқтаж адамды оңалтудың жеке бағдарламасында көрсетілген мультидисциплинарлық топтың қорытындысы бойынша өтініш беруші протездік-ортопедиялық шеберханаға жүгінеді, онда маман физикалық жай-күйін, өмір салтын, белсенділігі мен тұру ортасын ескере отырып, протездік бұйымның күрделілік түрін айқындайды.

    Кеңес беру келесі кезеңдерден тұрады:
  • протездік-ортопедиялық бұйымның оңтайлы моделін анықтау;
  • протездік-ортопедиялық бұйымды жеке жинақтау құнын құрастыру және есептеу;
  • өлшемдерін алу;
  • ПОБ медициналық-техникалық қорытынды беру (құнын есептеуді қамтиды);
  • өлшеу/оқыту;
  • сапаны бақылау
  • Бұл жағдайда протездік-ортопедиялық өнімді пайдалану уақытын үнемі бақылау жүзеге асырылады.

Жобаның ағымдағы мәртебесі:

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 143 азаматқа 1,187 млрд теңге сомасында көмек көрсетілді.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

желтоқсан 2024 жылы

Бағдарламаны іске асыру бойынша серіктестер

  • "РПОО" АҚ;
  • «Medicare International» ЖШС;
  • Пациенттік ұйымдар

Бағдарламалық құжаттар

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.