1. Өңірлік медициналық ұйымдарға педиатриялық науқастарды қауіпсіз нейрохирургиялық емдеудің заманауи технологияларын енгізу;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-на гибридті операциялық бөлме жағдайында ми патологиясы кезіндегі нейрохирургияның заманауи жоғары технологиялық әдістері енгізу.
3 487 221 287 теңге
Шығындардың жалпы сметасы келесі жабдықтармен жабдықтауды қамтиды:
Жоба еліміздің 19 өңірінің нейрохирургтері үшін оқыту іс-шараларының кешенін жүргізу арқылы өңірлердегі балаларға көрсетілетін мамандандырылған және жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмектің қолжетімділігін жақсартады және сапасын арттырады.
Қауіпсіз нейрохирургиялық емдеудің заманауи технологияларын трансферттеу үшін жағдайлар жасалатын болады. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ өңірлерде операция кезінде пациенттерді қауіпсіз нейрохирургиялық емдеу бойынша заманауи тәжірибелер мен тәсілдер трансфертін жалғастыруға мүмкіндік алады. Бұл Орталыққа жоспарлы нейрохирургиялық көмекке күту парағындағы кезектілікті біртіндеп төмендетеді.
Сондай-ақ, жобаның міндеті ҚРДМ «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ гибридті операция бөлмесінде ми патологиясы кезінде нейрохирургияның заманауи жоғары технологиялық әдістерін енгізу болып табылады.
Өңірлерде нейрохирургтер санының артуымен өңірлерден мамандарды оқыту және медициналық технологиялар трансферті арқылы халқымыздың балаларына нейрохирургиялық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, балалар нейрохирургиялық төсек-орындары бар 22 денсаулық сақтау ұйымында «қауіпсіз хирургия» технологиясын көшіруге мүмкіндік бермейтін тиісті жабдықтар (заманауи краниотомалар және нейромониторингтер) жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры Жобаны іске асыру шеңберінде балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту үшін медициналық жабдықтар сатып алу бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді. Еліміздің 18 өңірінде ауруханалардың нейрохирургиялық бөлімшелерін жабдықтармен жарақтандыру көзделген.
Жобада нейромониторинг, бейнеэндоскопиялық тіректер, краниотомдар, нейрохирургиялық құралдар жиынтығы, басты бекіту жүйесі бар операциялық үстелдер, бипландық ангиографиялық жүйесі бар гибридті операциялық бөлме бөлігінде жарақтандыру жоспарлануда.