ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH трансплантация үйлестірушілерін оқыту

Жобаның мақсаты:

«QH - трансплантация үйлестірушілерін оқыту» қайырымдылық жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) 24 трансплантация үйлестірушілерін оқытуға бағытталған.

Жоба Қор Қамқоршылық кеңесінің шешімімен (2023 жылғы 13 ақпандағы №29 хаттама) бекітілген «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кадрларын шетелде оқыту және шетелдік мамандарды тарта отырып шеберлік сабақтарын ұйымдастыру» бағыты бойынша тәсілдерге сәйкес келеді, мұнда «Трансплантология және трансплантациядан кейінгі күтім» бағыты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.


Жобаның Міндеттері:

1. Turkish Transplant Foundation (Turkiye Organ Nakli Vakfi) (Түркия Республикасы, Стамбул қ.) «Транспланттауды үйлестіру бойынша жаттықтырушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша 24 трансплантация үйлестірушілерін оқыту.

2. Орган донорлығы және трансплантацияны үйлестіру мәселелері бойынша шетелдік тәжірибені зерделеу.


Жоба бюджеті:

Қордың оқуға, тұруға, ұшуға арналған болжамды шығыстарының жалпы сметасы 105 787 224 теңгені құрайды.

Негізі:

Адамның тіндерін, мүшелерін немесе жасушаларын трансплантациялау – бұл туа біткен, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған аурулар мен жарақаттардың ауыр және өмірге қауіп төндіретін ауқымы үшін ең тиімді және көбінесе жалғыз өмірді сақтайтын терапия ретінде танылған емдеудің қалыптасқан түрі.

Трансплантацияның өзектілігі трансплантацияны күту парағында жас және орта жастағы адамдардың көптігіне байланысты. Кезекте тұрған адамдардың шамамен 10%-ы трансплантацияға дейін қайтыс болады.

Бүгінгі таңда елімізде донорлық органдардың тапшылығы өткір сезілуде, мұқтаж науқастардың да, донорлық ағзаларын алмағандардың да тізімі көбейіп келеді. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының транспланттау қызметінің тоқырауына және 2020-2021 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты транспланттау санының айтарлықтай төмендеуі байқалады, оның негізгі себебі донорлық органдардың жетіспеушілігі болып табылады, бұл қайтыс болғаннан кейін анықталған донорлар санының төмендеуіне байланысты. Орган донорлығының көшбасшы елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың қозғаушы күші кәсіби дайындалған трансплантация үйлестірушілерінің дамыған желісі болып табылады (Испанияда 1 миллион тұрғынға 13 трансплантация үйлестірушісі келеді).

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес трансплантация үйлестірушілерінің санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда. Қазақстанда медициналық мамандықтар номенклатурасына «Трансплантация үйлестірушісі» дәрігерінің жаңа мамандандыңы енгізілді. Лауазымдар номенклатурасына трансплантация үйлестірушісінің 3 лауазымы енгізілді: республикалық, өңірлік және стационарлық деңгейдегі (испан моделі). 2018 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты Республикалық мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ие болған Транспланттау жөніндегі үйлестіру орталығы (ТЖТМҚҮРО) құрылды. Еліміздің барлық өңірлерінде өкілдіктер ашылып, транспланттауды үйлестіру қызметінің желісі құрылды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы бойынша 55 трансплантация үйлестірушісі бар, оның ішінде 3 республикалық, 20 өңірлік, 32 стационарлық (мамандар қоса атқарушы болып табылады және Үйлестіру орталығымен 0,5 ставкаға еңбек шарттары бар). Республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантация үйлестірушілерінің лауазымдық міндеттеріне көптеген функциялар кіреді: әлеуетті донорларды сәйкестендіру, мидың қайтымсыз өлімін диагностикалау рәсімін ұйымдастыру, қайтыс болғаннан кейінгі донордың органдарының функцияларын қолдау мақсатында оның клиникалық жүргізілуін бақылау және мониторингілеу, туыстарымен байланыс және заңды рәсімдерді ұйымдастыру, трансплантациялау үшін органдарды бөлу, органдарды өлімнен кейін алып қоюды ұйымдастыру.

Сонымен қатар, бүгінде Қазақстанда трансплантация үйлестірушілерін кәсіби даярлау жүйесі жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, трансплантация үйлестірушілері орган донорлығын дамытуда қозғаушы күш болып табылады. Осыған байланысты, шетелдік көшбасшы елдердің озық тәжірибесін зерделеу және халықаралық трансплантациялық қоғамдастықпен интеграциялау арқылы орган донорлығы қызметін күшейту және кәсібилендіру қажет.

Оқу курсының бағдарламасы келесі тақырыптар бойынша донорлық пен ағзаларды трансплантациялаудың негізгі аспектілерін қамтиды: - донорлық пен трансплантацияның құқықтық аспектілері; - донорлық пен трансплантацияның этикалық аспектілері; - донорды анықтау және донордың жарамдылығын клиникалық бағалау; - ми өлімін диагностикалау; - донорлықты басқару; - қарқынды терапия бөліміндегі байланыс; - трансплантат-донор отбасымен диалог жүргізу принциптері; - ағзаларды алып қою, ағзаларды консервациялау және тасымалдау; - ағзаларды ұйымдастыру және бөлу, донорлық органдарды аллокациялау; - тіндердің донорлығы; - өмір бойы донорлық; - қоғаммен байланыс, білім беру және орган донорлығы; - донорлық пен трансплантацияның ұйымдастырушылық аспектілері; - негізгі клиникалық трансплантация және донорларды іріктеу критерийлері; - трансплантация иммунологиясының негіздері.

Курсты сәтті аяқтағаннан кейін қатысушылар Түрік трансплантология қоры, Халықаралық трансплантология желісі, Гази университеті, Түрік реаниматологтар қоғамы және Еуропалық органдарды трансплантациялау қоғамы берген аяқтау сертификатын алады. Аталған оқу бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген. Бұдан басқа, оқыту қорытындысы бойынша мамандар 3 жыл ішінде Қазақстан Республикасында трансплантация үйлестірушілерін каскадты оқытуды жүргізуге міндеттенеді.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

24 үйлестіру орталығының транспланттау үйлестірушісі Оның ішінде: 20-аймақтық трансплантация үйлестірушілері; 3 - республикалық трансплантация үйлестірушілері, 1-орталық директоры.

Мерзімдері мен кезеңдері:

Жобаны іске асыру кезеңі - 2023 ж. - 2024 ж.

ЖОБАНЫ ЖАСАУ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТЕР

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК
  • «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.