ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары

Бағдарлама мақсаты:

Ауыл мектептерінің түлектері мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді қолдау, ел азаматтарының осы санаты үшін жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру.

Бағдарлама сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларын және жараланған балаларды қолдауға бағытталған және оларға «қолданбалы бакалавр» дәрежесін бере отырып, «бакалавр» дәрежесін және/немесе техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру дәрежесін бере отырып, жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруді көздейді.


Бағдарлама бюджеті:

Білім беру гранттарына жоспарланатын шығыстар: - 2022-2023 оқу жылында – 2 350 000 мың теңгеге дейін; - 2023-2024 оқу жылында – 2 640 000 мың теңгеге дейін; - 2024-2025 оқу жылында – 3 460 000 мың теңгеге дейін; - 2025-2026 оқу жылында – 4 280 000 мың теңгеге дейін.

Шәкіртақыға жоспарланған шығыстар: 2022-2023 оқу жылында – 94 000 мың теңгеге дейін; 2023-2024 оқу жылында – 105 600 мың теңгеге дейін; 2024-2025 оқу жылында – 138 400 мың теңгеге дейін; 2025-2026 оқу жылында – 171 200 мың теңгеге дейін.

2022-2023 оқу жылына арналған бағдарламаның бюджеті 2 455 600 мың теңгені құрайды. Бағдарламаның 4 жылға арналған жалпы бюджеті 13 239 200 мың теңгені құрайды.


Негізі

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (БжҒДМБ) көрсетілген салалардағы әлем елдерінің басымдықтарының бірі отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан білім алушылардың мүмкіндіктерін теңестіру болып табылады.

Бағдарламаның өзектілігі «Білім беру» саласында еліміздің азаматтарынан Қордың цифрлық платформасына келіп түсетін өтінімдер мен өтініштерді талдаумен негізделген: аз қамтылған отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың, жетім балалар мен мүгедек балалардың көп бөлігінің жоғары білім алу үшін қаржылық мүмкіндіктері жоқ. БжҒДМБ міндеттерінің бірі-қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту, өйткені білім беру сапасындағы қазіргі алшақтық ауыл мектептерінің түлектері үшін жоғары білімді қол жетімді етпейді. Қазақстанда іске асырылып жатқан халықты қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары барлық мұқтаж жандардың қажеттіліктерін толығымен жаба алмайды.

Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің (қолданбалы бакалавр) және жоғары білімнің (бакалавр) білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларына және жараланған балаларға, оқу нысаны – күндізгі.


Қайырымдылық көмек алушылардың нысаналы тобы және бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері:

Бағдарламаның қатысушылары Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және 29 жастан аспауы тиіс.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарын 2022-2023 оқу жылынан бастап жыл сайын беру жоспарланып отыр:

1) конкурстық негізде бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары білім беру ұйымдарының тізбесіне кірген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқуға талапкерлерге. ЖЖОКБҰ өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім беру гранттары мен стипендияларын беру үшін Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері: ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлер:

- ауылдық төңіректегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;

- жетім балалар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;

- мүгедек балалар;

- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғасы кезінде жараланған балалар.

2) ЖЖОКБҰ студенттеріне іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуды жалғастыруға: Үкіметтік емес ұйымдар ЖЖОКБҰ-ның жұмыс істеп жүрген студенттері арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың грантына және/немесе стипендиясына үміткер Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері:

- ауылдық төңіректегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;

- жетім балалар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан балалар;

- ата-анасы мүгедек болып табылатын балалар;

- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде жараланған балалар.


  • Жобаның ағымдағы мәртебесі:

    Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2267 студент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарының иегері атанды. Қор оқу ақысы мен шәкіртақыны төлеуге 9 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Қордың қайырымдылық бағдарламасы биыл алғаш рет 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылуда. Грант бакалавриат бағдарламалары бойынша 1 миллион теңгеге дейінгі оқу құнын өтейді және оқуға түсу үшін ҰБТ-ның қажетті өту балын жинаған және мемлекеттік немесе өзге грант алмаған талапкерлерге, сондай-ақ байқау шарттарына сәйкес ақылы бөлімдердің студенттеріне беріледі.

    Мерзімдері мен кезеңдері:

    Бағдарлама Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2022-2023 оқу жылынан бастап бір мезгілде іске асырылады.

    Әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 2 мыңнан астам студент «Қазақстан халқына» қорының гранттарына ие болды

    "Қазақстан халқына" ҚҚ талапкерлер бойынша білім грантары иегерлерінің тізімі

    "Қазақстан халқына" Қоры 2350 мектеп түлектері мен студенттерге тегін жоғарғы білім алуға мүмкіндік берді

    "Қазақстан халқына "ҚҚ білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасына қатысатын ЖЖОКБҰ мен қайырымдылық ұйымдар тізімі

    «Қазақстан халқына» Қорының білім беру гранттарын алу шарттары мен мерзімі туралы хабарландыру

    БАҒДАРЛАМА СЕРІКТЕСТЕРІ

    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
    • Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары білім беру ұйымдарының тізбесіне кірген ЖЖОКБҰ;
    • Қайырымдылықтың осы бағытында (білім беру саласында) кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде білім беру гранттары бойынша конкурстар мен іріктеулер өткізу тәжірибесі бар білім беру саласындағы қайырымдылық ұйымдары.

    БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры
    Дизайн десант көмегімен.