Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды (церебральді сал ауруы, ми жарақаттары, жұлынның зақымдануы, параплегия, бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы және басқа да аурулары бар) тиімді оңалту, өз бетінше қозғалуға және әлеуметтенуге көмектесу үшін заманауи жоғары технологиялық роботты құралдармен (экзоскелеттер) қамтамасыз ету.
117 000 000 теңге (отандық өндіруші «Mbionics» ЖШС өндірген бір экзоскелеттің құны есебінен 13 балаға 9 000 000 теңге).
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету өте өзекті болып табылады. Экзоскелеттер тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін заманауи, жоғары технологиялық және тиімді оңалту құралы болып табылады.
Өндірістің техникалық параметрлері бойынша биіктігі 130-дан 160 см-ге дейін және салмағы 60 кг-ға дейінгі балалар экзоскелеттермен қамтамасыз етіледі, ал экзоскелеттің салмағы 25 кг құрайды. Экзоскелеттің қызмет ету мерзімі - 5 жыл. Кепілдікті сүйемелдеу - 1 жыл.
Сал ауруы бар 4 балаға экзоскелет берілді. Бағдарлама бойынша 2023 жылы тағы 9 балаға экзоскелет жасау жоспарлануда.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі - 2022 жыл.