ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

QH Жаздық жолдама


Бағдарлама мақсаты:

Ауылдық жерлерден келген 5-8 сыныптағы 20 000 оқушының зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ететін бағдарламамен қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз ету, сондай-ақ оларда патриоттық сезімдерді қалыптастыру, білім беру мүмкіндіктері мен перспективаларын кеңейту үшін мәдениет пен дәстүрлермен танысу.

Бағдарламаның міндеттері:

1) балаларға заманауи лагерьлерде және Қазақстанның үздік лагерьлері мен университеттерінің базасында лагерьлерді ұйымдастырудың халықаралық тәжірибе бағдарламасы бойынша сапалы және қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету;

2) білім беру, мәдени және ойын-сауық бағдарламалары арқылы балалардың спорттық, көшбасшылық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау;

3) халықтық фольклорлық мерекелермен, салт-дәстүрлермен, ойындармен, әндермен, билермен, қолөнермен таныстыру;

4) балалардың әлеуметтенуіне, олардың денсаулығын, өзін-өзі бағалауы мен коммуникативтік дағдыларын нығайтуға ықпал ету;

5) заманауи зертханалар мен бейіндік технологияларға қол жеткізе отырып, елдің озық университеттерінде экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастыру.


Бағдарлама бюджеті:

Бағдарламаның жалпы бюджеті 1 939 885 500 теңгені құрайды.

Негізі:

Қор мектеп оқушылары үшін балалар сауықтыру лагерлеріне жазғы жолдамалар сатып алуды қаржыландырады. Білім басқармасы критерийлерге сәйкес келетін мектеп оқушыларының тізімін және лагерьлердің тізімін жасайды және оларды Жобаға қосу үшін Министрлікке жібереді. Министрлік бірыңғай тізбені жинақтайды және ақпаратты Қорға жібереді. Білім басқармасы балаларды лагерьлерге екі жаққа тасымалдауды қамтамасыз етеді және балалардың саны мен қанағаттану жағдайы бойынша бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ лагерьлер көрсеткен қызметтерді тексеруді жүзеге асырады.

Қайырымдылық көмек алушылардың мақсаттық тобы:

5-тен 8-сыныпқа дейінгі 20 000 оқушы-бала, оқу іс-әрекетінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсенді қатысқан ауылдық мектептердегі оқушылар (үздік оқушылар мен лауреат-оқушылар).

Мерзімдері мен кезеңдері:

2023 жыл

Бағдарламаның ағымдағы мәртебесі:

2023 жылдың жазғы кезеңінде оқу қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсенді қатысқан ауылдық жерлерден 5-8 сыныптар аралығында 19760 бала қала сыртындағы лагерьлерде демалды.

БАҒДАРЛАМА СЕРІКТЕСТЕРІ

  • Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің атынан Қазақстан Республикасы Білім министрлігі;
  • Жергілікті атқарушы органдар;
  • Балалар сауықтыру лагерлері

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.