ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH Тарбағатай ауданының шалғай шекара маңындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау объектілерін дамыту

Жобаның мақсаты:

Тарбағатай ауданының тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсету

Жоба бюджеті:

78 048 752 теңге

Негізі:

Шекара маңындағы аумақтарды дамыту және нығайту елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды стратегиялық мәнге ие. «Тарбағатай аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2016 жылы құрылған, жартылай стационар жағдайында әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша (өмірлік қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні аудандық ауруханаға сөйлеу қабілеті бұзылған 500 бала, ЦП бар 20 бала, аутизмі бар 5 бала, әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар 18 бала тіркелген. Бұл балалардың барлығына оңалту көмегі қажет.

Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

Тарбағатай ауданының халқы (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар).

Жобаның міндеттері:

1) «Тарбағатай ауданының жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ артқы көтергіші бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін шағын автобуспен қамтамасыз ету;

2) «Тарбағатай ауданының жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ні толыққанды әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуді қалыптастыру және сапалы медициналық-әлеуметтік көмек жүргізу үшін заманауи инновациялық жабдықтармен жарақтандыру;

3) «Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны кинезотерапияны, емдік дене шынықтыруды және т. б. толық көлемде сапалы көрсетуге арналған жабдықтармен жарақтандыру.


Бағдарламаның ағымдағы күйі:

Қазіргі уақытта жеткізу шарттарын жасау процесі жүріп жатыр.

ЖОБАНЫ ЖАСАУ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТЕР

  • «Тарбағатай ауданының жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • «Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.