ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

«QН Алматы облысының мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу»


Жобаның мақсаты:

Педагогтердің біліктілігін арттыру, тәлімгерлік сүйемелдеу және білім беру инфрақұрылымын құру арқылы физика, химия, биология пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Жобаның міндеттері:

1. Физика, химия, биология пәндері бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру.

2. Пәндерді оқытуда «Білім-инновация» лицейлерінің тәсілдерін енгізу үшін физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен, дидактикалық материалдармен, техникамен және жиһазбен жарақтандыру.

3. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқыту моделін STEM-тәсілдер мен педагогтардың тәлімгерлігі негізінде апробациялау.

4. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмысының моделін сынақтан өткізу.


Жоба бюджеті:

Жобаның жалпы құны 2 509 562 314 теңге. Қордың қатысуы жалпы сомасы 1 741 460 216 теңгеге 50 мектепті жарақтандыру бөлігінде көзделген.

Негізі:

«Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» жобасы Мемлекет басшысы Қ.-Ж. К. Тоқаевтың қазақстандық білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өзекті болып отыр. Сонымен, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір халық. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 54-тармағында жоғары сыныптарда жаратылыстану және математика пәндерін оқытудың қарқындылығы мен сапасын күшейту көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) орта білім беру мазмұнын жетілдіру көзделген. Атап айтқанда, STEM-тәсілдер негізінде жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқытудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдениеті негізінде тәрбиелік компонентті күшейту жоспарлануда.

Сондай-ақ Тұжырымдама бағыттарының бірі қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады. Балалардағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аударылады, сондықтан оларды тәрбиелеу базалық жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асырылуы керек.


Жобаның сипаттамасы:

Жоба Алматы облысының 50 мектебінде жүзеге асырылуда, оның ішінде 42 мектеп немесе 84% ауылдық (Еңбекшіқазақ ауданы – 10 мектеп, Жамбыл ауданы – 8, Қарасай ауданы – 8, Іле ауданы – 8, Талғар ауданы-8), 8 қалалық (Қонаев қаласы). Жобада ауылдық мектептердің басым болуы білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі - қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту тұрғысынан өзекті болып табылады.

«Алматы облысының мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» қайырымдылық жобасы аясында педагогтердің біліктілігін арттыру және менторлық сүйемелдеудің білім беру бағдарламалары сынақтан өткізіледі. Апробация нәтижелері бойынша жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқытудың әдістемелік ұсынымдары STEM-тәсілдер мен педагогтердің тәлімгерлігі негізінде, еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде одан әрі іске асырыла отырып әзірленетін болады. Сондай-ақ ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмысының үлгісі сынақтан өткізіледі.

Жобаны әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жүзеге асырады. Біліктілікті арттыру курстарын «Білім-инновация» ХҚҚ өткізеді.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

7-11 сынып оқушылары, Алматы облысының 50 мектебінің педагогтары.

Мерзімдері мен кезеңдері:

2023-2026 жылдар

Жобаның географиясы:

Алматы облысының 50 мектебі Жобаның ағымдағы мәртебесі: Бүгінгі таңда физика, химия, биология кабинеттерін жалпы сомасы 1 542 520 740 теңгеге пәндерді оқытуда "Білім-инновация" лицейлерінің тәсілдерін енгізу үшін оқу жабдықтарымен, дидактикалық материалдармен, техникамен және жиһазбен жарақтандыру кезеңі аяқталды. Сонымен қатар, 3,5 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2024 жылдың қаңтарынан бастап менторлық сүйемелдеу басталды.

ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ

  • Алматы облысының әкімдігі
  • «Jelken Foundation» ҚҚ
  • «Білім-инновация» ХҚҚ
  • Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
  • РМК ШЖҚ "И.Алтынсарина атындағы Ұлттық білім академиясы"
  • Алматы облысы әкімдігінің білім басқармасы
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.