ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH Аудандық оңалту орталықтары


Жобаның мақсаты:

Шалғай елді мекендерде заманауи оңалту құралдарымен жабдықталған оңалту орталықтарының қолжетімді желісін кеңейту, мамандарды оңалтудың тиімді әдістеріне оқыту. Жоба аясында еліміздің 17 облысында 19 өңірлік оңалту орталығын ашу және жабдықтау жоспарланған.

Жоба бюджеті:

19 оңалту орталығын жабдықтауды қаржыландыру 4 583 024 390 теңгені құрайды.

Негізі:

Жобада екі кезеңді іске асыру көзделген (бірінші кезең жергілікті атқарушы органдардың оңалту орталықтары үшін үй-жайларды айқындауды жүргізуін көздейді; екінші кезең өңірлерде Қордың Қамқоршылық кеңесінің жекелеген шешімдері негізінде үй-жайлардың әзірлігін негізге ала отырып, кезекпен іске асырылатын болады).

8 өңірдің әкімдіктері 8 аудандық оңалту орталығына арналған үй-жайларды анықтады. Орталықтарды құрал-жабдықтармен, тұрмыстық техникамен және жиһаздармен жабдықтауды қаржыландыру Қор есебінен күтуде.

Әр орталықта ННҚ қолдауымен шетелдік тәлімгерлердің қатысуымен біліктілікті арттыру курстарында, көшпелі семинарларда және шеберлік сыныптарында мамандар оқытылады.

Сондай-ақ, Жобаның серіктесі «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры екі жыл ішінде оқытылған мамандарды үйлестіру бөлігінде консультациялық сүйемелдеу көрсететін болады. Оңалту қызметтері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету есебінен төленетін болады.

Орталықтардың ашылуы олардың дайындығына қарай 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

Ауылдық жерлерде тұратын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар.

Бағдарламаның ағымдағы күйі:

Бүгінгі күні шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

жоба серіктестері

  • «Қамқорлық Қоры» КҚ;
  • «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» жеке қоры;
  • Облыстардың әкімдіктері
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.