моноқалалардағы кемінде 173 мектебі оқушыларының инженерлік құзыреттілігін дамыту үшін қосымша білім берудің қолжетімді білім беру ортасын құру.
- кемінде 173 мектепті робототехниканы зерделеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтау;
- 173 мектепті интерактивті панельдермен жабдықтау;
- 173 мектепте робототехника үйірмелерін ашу;
- 80 академиялық сағат көлемінде "Бастауыш және орта мектептегі робототехника" курсы бойынша мектеп педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу;
- 173 мектепке қазақстандық оқу-әдістемелік кешендер беру;
- сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету үшін, оқу жылы бойы мектептерге әдістемелік қолдау көрсету (айына кемінде 2 академиялық сағат, оқу жылына 18 академиялық сағат).
1 098 238 600 теңге
"Қазақстан халқына" ҚҚ - 778 500 000 теңге (моноқалалардың 173 жалпы білім беретін мектептерін робототехниканы зерттеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенмен және интерактивті панельдермен жабдықтау).
"Инженерлік Білім Беруді Дамыту" ҚҚ үлесі - 319 738 600 теңге (кабинеттерді жөндеу, жиһаз жеткізу, педагогтерді оқыту, ОӘК қамтамасыз ету, әдіснамалық сүйемелдеу).
Бастауыш және орта білім беру мекемелерінің 50%-дан астамы ауылдық жерлерде және/немесе шағын қалаларда орналасқан. Оларда Қазақстан Республикасы оқушыларының 45%-ы оқиды, олардың басым бөлігі сапалы білім беру инфрақұрылымына қол жеткізе алмайды. Әсіресе, бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде белгілеген инженерлік құзыреттерді дамыту саласында өткір тұр (Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 11.01.2022 ж. отырысында сөйлеген сөзі).
Жергілікті атқарушы органдар сапалы білім беру ортасын құру бойынша қабылдап жатқан шараларға қарамастан, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі өзекті мәселе болып келеді. 6909 күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 5112 немесе 74%-ы ауыл мен моноқалаларда орналасқан, олардың тек 1646 немесе 32%-да робототехника және STEM кабинеттері бар.
Еліміздің 27 моноқаласында 379 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, 206 мектепте (54%) робототехника кабинеттері бар. Бағдарламаны іске асыру қалған 173 мектепті жабдықтауға мүмкіндік береді.
173 мектептің 1-6 сынып оқушылары мен мұғалімдері.
Бағдарлама шеңберінде "Қазақстан халқына" ҚҚ моноқалалардағы 173 мектепті (бағдарламалық-аппараттық кешендер, интерактивті панельдер) жабдықтауды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
"Инженерлік Білім Беруді Дамыту" ҚҚ 3 жыл ішінде мектептерге әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады (айына кемінде 2 академиялық сағат, оқу жылына 18 академиялық сағат), педагогтердің біліктілігін арттыруды, 1-6 сынып оқушыларына робототехника бойынша оқу-әдістемелік кешендерді ұсынуды, бағдарламаны іске асыру барысын талдамалық сүйемелдеуді, облыстық және республикалық олимпиадаларды дайындау мен өткізуді, бағдарламалық-аппараттық кешендер мен интерактивті панельдерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кабинеттерге бірыңғай стильдегі жөндеу жүргізеді, жиһаз орнатады (конструкторларға арналған сөрелері бар үстелдер).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК "Бастауыш және орта мектептегі робототехника" бағыты бойынша кемінде 80 академиялық сағат көлемінде мектеп педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.
Іске асыру өңірлері: Қазақстан Республикасының 13 облысының 25 моноқаласы: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Ұлытау облыстары.
1 кезең: маусым-шілде 2023 ж.
Бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасын дайындау (жабдықтар тізімі, қатысушы мектептердің қорытынды тізімі, меморандум, жол картасы, бірлескен қызмет туралы шарт).
2 кезең: тамыз – желтоқсан 2023 ж.
173 мектепті жабдықтау және педагогикалық құрамды даярлау (сыныптарды ресімдеу, жабдықтарды жеткізу және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу).
3 кезең: 2024 жылғы қаңтар-2026 жылғы мамыр.
Білім беру процесін іске асыру, соның ішінде әдістемелік, техникалық қолдау көрсету және жыл сайынғы олимпиадаларды өткізу.