ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

«Психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған «Ақ жол-М» оңалту орталығын жарақтандыру»


Жобаның мақсаты:

Мақсаты - оңалтудағы кешенді тәсіл арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын арттыру.

Жүйке және тірек-қимыл аппаратының мүгедектік патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу элементтерімен кешенді медициналық-әлеуметтік оңалтуды және педагогикалық түзетуді қамтамасыз ету үшін Алматы облысы, Қызыл Қайрат ауылында орналасқан «Ақ жол-М» орталығындағы (бұдан әрі – Орталық) оңалту бөлімін жабдықтау міндеті қойылды.


Жоба бюджеті:

Жобаның бюджетінде Орталықты оңалту жабдықтарымен, мамандандырылған жиһаздармен және жабдықтармен жабдықтау жалпы сомасы 956 486 770 теңгені құрайды.

«Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 қазандағы бұйрыққа сәйкес жабдық және медициналық оңалту хаттамалары мен стандарттары шеңберінде жабдық енгізілді, диагностикалық кабинеттер мен жалпы пайдаланымдағы жиһаз алынып тасталды.


Негізі:

Жобаның өзектілігі оңалту көмегін қажет ететін ауылдық жерлердегі мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюімен байланысты. Өңірлерде оңалту жабдықтарымен жарақтандыру мәселесі ерекше өткір тұр. Қордың цифрлық платформасына еліміздің азаматтары, негізінен ауылдық жерлерден, соның ішінде Алматы облысынан оңалту көмегіне жүгінеді.

Орталық Алматы облысы Талғар ауданындағы Қызыл Қайрат ауылында орналасқан. Бұл Орталыққа Талғар ауданынан ғана емес, жақын маңдағы басқа аудандардан (Еңбекшіқазақ, Іле ауданы, Жалғамыс ауылы), сондай-ақ Шымкент, Семей, Нарынкөл, Кеген, Қарағанды, Арыс, Қонаев, Алматы, Лепсы, Сарқант қалаларынан балалар келеді. Орталықта қажетті оңалту көмегін көрсету үшін 37 кабинет жұмыс істейтін болады.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.

Мерзімдері мен кезеңдері:

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023 жылғы қаңтар-шілде

Жобаның ағымдағы мәртебесі:

Жобаны іске асыру шеңберінде 12.12.2022 ж. «Ақ жол-М» ҚҚ мен «Қазақстан Халқына» ҚҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта барлық жеткізілімдер аяқталды, оңалту орталығы жабдықталған. Орталықты ашуға дайындау бойынша қорытынды жұмыстар жүргізілуде.

ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ

  • ҚҚ «Ак жол-М» ;
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.