ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Онкологиялық аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру

Бағдарлама мақсаты:

Онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде мемлекет ұсынбайтын заманауи инновациялық мақсатты препараттармен қамтамасыз ету.

Бағдарлама бюджеті:

2023 жылға ҚазОРҒЗИ, ҰҒОО-нан ұсынылған ДЗ тізіміне және онкопациенттер саны бойынша болжамға сәйкес қаржыландырудың қажетті лимиті 17 млрд теңгені құрайды. Қордың қатысуы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағына сәйкес «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ таза табысының кемінде 7% мөлшерінде түсімдер шеңберінде қаржыландыру есебінен қаралады.

Негізі:

Қордың «Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыруға қатысуының маңызды бағыттарының бірі геномдық зерттеулермен және онкологиялық аурудың ерекшеліктерімен расталған онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде қазіргі заманғы инновациялық ісікке қарсы құралдарды сатып алуды қаржыландыру болып табылады.

Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

Онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар Қазақстан Республикасының азаматтары (18 жас және одан жоғары).

Мерзімдері мен кезеңдері:

Іске асыру мерзімі – 2023 – 2025 жж.:

Бағдарламаның ағымдағы күйі:

2023 жылдың қараша айынан бастап онкологиялық аурулары бар 241 пациент қамтамасыз етілді. Одан әрі қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

БАҒДАРЛАМА СЕРІКТЕСТЕРІ

  • «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ;
  • «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС;
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің денсаулық сақтау басқармалары;
  • Облыстық онкологиялық орталықтар, облыстық онкологиялық орталықтар қызметін атқаратын облыстық ауруханалардағы онкологиялық бөлімшелер.
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.