ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH-жабдықпен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту

Жобаның мақсаты:

«QH - жабдықпен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту» қайырымдылық жобасы Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыруға толығымен бағытталған, оның ішінде Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары үшін 2023 жылға арналған онкологиялық жабдықтарды (желілік электронды үдеткіштер, виртуалды модельдеу функциясы бар компьютерлік томографтар, керек-жарақтары бар навигациялық жүйе) сатып алу көзделген.

  • Жобаның мақсаты қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеуді жетілдіру, пациенттерге әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеуде медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

  • Жобаның міндеттері:
  • 1. Өңірлік онкологиялық орталықтарға онкологиялық жабдықтар сатып алу.
  • 2. Сәулелік терапия қызметтерімен қатерлі аурулары бар науқастарды анықтау бойынша қамтуды ұлғайту.

  • Бағдарлама бюджеті:

    19 872 717 000 теңге

    Негізі:

    Жоғары технологиялық сәулелік терапияны кеңінен енгізу үшін заманауи желілік үдеткіштер қажет. ҚСТ үшін сәулелік аппарат паркінің 50% физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген гамма-терапевтік қондырғылардан тұрады.

    Жоба онкологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік береді және сәулелік жабдықтың жетіспеушілігі бойынша сәулелік терапия мәселесін шешуге көмектеседі.

    Жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттырады, одан әрі толық сауығу мүмкіндігімен қатерлі ісіктердің ерте сатысы бар науқастарды анықтауды арттырады.

    Тозған желілік үдеткіштерді ауыстыру пациенттерге де, медициналық және техникалық қызметкерлерге де жанама әсерлердің және/немесе теріс әсерлердің ықтимал көздерін жояды.

    Нәтижесінде бастапқы анықталған және қайталама онкологиялық науқастарды стандартты және жоғары технологиялық сәулелік терапиямен қамту ұлғаяды.

  • Қазіргі заманғы желілік электронды үдеткіштер ісікке қарсы емдеудің тікелей тиімділігін арттырады және осылайша 5 жылдық өмір сүру деңгейін жақсартады.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

    Еліміздің халқы, атап айтқанда Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары.


    Жобаның ағымдағы мәртебесі:

    Бүгінгі таңда Қарағанды облысымен келісім-шарт жасалып, желілік үдеткіштерді (TrueBeam, Halcyon, Ethos) және компьютерлік томографтарды (SOMATOM go.Sim) (өндіруші Varian a Siemens Healthineers Company) жеткізуге 4 медициналық мекемемен келісім-шарттар жасалуда.

    жобасы СЕРІКТЕСТЕРІ

    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
    • «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ
    • Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер)

      Бенефициар медициналық ұйымдар:

    • «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (Алматы қ.)
    • «Көпсалалы медициналық орталық» ШЖҚ МКК (Астана қ.)
    • «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК (Семей қ.),
    • «Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК
    • «Көпсалалы облыстық аурухана» ШЖҚ КМК (Петропавл қ.).
    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
    Дизайн десант көмегімен.