ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH Оңалту орталықтары


Жобаның мақсаты:

«QH Оңалту орталығы» қайырымдылық жобасы Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында 6 оңалту орталығын ашу және жарақтандыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді оңалту көмегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның мақсаты мамандарды оңалтудың тиімді әдістеріне оқытуды жүргізе отырып, қазіргі заманғы оңалту жабдықтарымен жарақтандырылған оңалту орталықтарының қолжетімді желісін кеңейту болып табылады.


Жобаның міндеттері:

1) Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарындағы және Шымкент қаласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің базасында 6 оңалту орталығын жарақтандыру;

2) 6 РО-да жұмыс істейтін 174 маманды оқыту.


Жоба бюджеті:

Жобаның жалпы құны 1 463 364 846 теңге.

«Қазақстан Халқына» ҚҚ-ның қатысуы жалпы сомасы 1 447 270 860 теңгеге 6 орталықты жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру бөлігінде көзделген.

Жоба серіктестерінің қатысуы:

  • 2023 жылы 174 маманды оқыту - 14 280 000 (ННҚ).
  • 6 орталықтың дизайны бойынша шығыстар - 1 813 986 (ННҚ).

  • Өзектілігі:

    Қазақстанда соңғы жылдары балаларды оңалту көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

    Егер 2019 жылы оңалту емдеу және оңалту үшін төсек сыйымдылығы 2575 төсек болса, 2022 жылы – 4410 төсек-орын бар. Егер церебральды сал ауруына шалдыққан балалар туралы айтатын болсақ, онда қамтамасыз ету 20 пайыздан аспаған, қазір 40 пайыздан асты. 2019 жылы 15 063 бала, одан кейін 2021 жылы – 53 мың бала, 2022 жылы – 83 мың бала медициналық оңалтудан өтті.

    Медициналық оңалтуды қаржыландыру да өсті. Мәселен, егер 2021 жылы қаржыландыру 11,2 млрд теңгені құраса, 2022 жылы – 15,2 млрд теңге.

    Балаларға оңалту көмегі МӘМС енгізумен, сондай-ақ облыстық, аудандық және ауылдық ауруханалар, емханалар жанынан амбулаториялық оңалтуды енгізу бойынша жұмыстармен өз дамуын алды, бұл да оңалтудың қадамдық қолжетімділігін дамытуды қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар, мүгедектігі бар балалардың саны жылына шамамен 3000-4000-ға артып келеді. Тек өткен жылы 13 мың баланың мүгедектігі алғаш рет анықталды. Олардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтенуін жақсарту үшін, ең алдымен, оңалтуға үнемі қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет.

    Осыған байланысты, сондай-ақ 6 өңір (Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары және Шымкент қаласы) әкімдіктерінің өтініші бойынша қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін, атап айтқанда тиісті оқытудан өткен жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз етілген оңалту орталықтарына жоғары қажеттілік байқалады.

    Орталықтарды құру моделіне және «Қамқорлық» Жол картасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар орталықтарды ашу үшін ауруханаларды іріктеуді және интерьер дизайнының бірыңғай тұжырымдамасы бойынша орталықтарды жөндеуді жүзеге асырды.

    Орталықтарды жабдықтармен, техникамен, жиһазбен жабдықтауды қаржыландыру Қор қаражаты есебінен жоспарлануда.

    Әр орталықта ННҚ қолдауымен шетелдік тәлімгерлердің қатысуымен біліктілікті арттыру курстарында, көшпелі семинарларда және мастер-кластарда 29 маман оқытылады. Оқытумен барлығы 174 маман қамтылады.

    Сондай-ақ, Жоба серіктесі екі жыл ішінде оқытылған мамандарды үйлестіру бөлігінде консультациялық сүйемелдеу көрсететін болады.

    Оңалту қызметтері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін болады.

    Орталықтардың ашылуы олардың дайындығына қарай 2024 жылғы наурызға дейін жүзеге асырылатын болады.


    Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

    Мүмкіндігі шектеулі 1,5 пен 18 жас аралығындағы балалар

    Жоба география және іске асыру кезеңдері:

    Жобаны іске асыру кезеңі: 2023 ж. - 2024 ж. (12 ай).

    Жоба еліміздің 6 өңірінде іске асырылатын болады.

  • 1. Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК;
  • 2. Қарағанды облысы, Қарағанды қ. – «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК;
  • 3. Павлодар облысы, Павлодар қ. – «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
  • 4. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. – «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК;
  • 5. Ұлытау облысы – «Қарлығаш» соматикалық шипажайы» ШЖҚ КМК
  • 6. Шымкент қаласы «№2 Оңалту орталығы» ШЖҚ МКК.

  • Күтілетін нәтижелер:

    1) еліміздің 6 өңірінде 6 оңалту орталығын ашу және жарақтандыру;

    2) 174 маман 6 оңалту орталығында жұмыс істеу үшін оқудан өтеді;

    3) мүгедек балаларды оңалтумен жыл сайынғы қамтуды 3600 балаға арттыру;;

    4) өңірлерде мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді кешенді көмекпен қамтамасыз ету.


    Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері:

    Бүгінгі күні шарттар жасасу және жабдықтарды жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қамту: 3600 мүмкіндігі шектеулі бала

    ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ

    • «Қамқорлық Қоры» КҚ;
    • «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» жеке қоры;
    • Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктері
    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
    Дизайн десант көмегімен.