ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH Жігер


Жобаның мақсаты:

«QH Жігер» қайырымдылық жобасы 18 жастан асқан мүгедектердің бейімделуіне және әлеуметтенуіне, олардың әлеуметтік дағдыларды меңгеруіне, сондай-ақ заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы оңалту қызметтерін алуға көмектесуге бағытталған.

Жобаның мақсаты – дене белсенділігін жоғалтқан мүгедектерге жаңа өмір жағдайларына психологиялық бейімделуге, өзін-өзі күту дағдыларын және әлеуметтену және қоғамға интеграциялау арқылы өмір сүру динамикасы мен сапасын жақсарту үшін оңалту бағдарламаларының кешенін үйренуге көмектесу.

Жобаның міндеті - пациенттерді оңалту және әлеуметтендіру бойынша сапалы қызмет көрсету үшін «ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығы» ҚБ заманауи оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету.


Жоба бюджеті:

Жобаның жалпы бюджеті 70 476 292 теңгені құрайды.

  • Одна станция Redcord Workstation Professional (стеновая) стоимостью - 6 275 000 тенге.
  • Оборудование Redcord Stimula+ стоимостью - 3 600 000 тенге. 2 ед.
  • Электростимулятор Compex SP 8.0 WOD стоимостью - 1 030 000 тенге.
  • Электростимулятор COMPEX FIT 5.0 стоимостью - 780 000 тенге. 4 ед.
  • Электростимулятор для мышц Compex SP 6.0 стоимостью - 870 000 тенге.
  • Компрессионные Ботинки COMPEX стоимостью - 430 000 тенге.
  • Массажер стоимостью - 250 000 тенге. 6 ед.
  • Параллельные брусья для ходьбы (с шаг-барьером разборным) (РФ) стоимостью - 1 780 000 тенге.
  • Мобильный подъёмник тела Levitop Comfort для передвижения (Польша) стоимостью - 2 892 000 тенге.
  • Имитатор ходьбы PIO с принадлежностями (Польша) стоимостью - 3 720 000 тенге. 5 ед.
  • Стол для неврологической реабилитации SAFARI "ELEPHANT" B-S.F4 1-секционный терапевтический стол для упражнений по методу Бобата, база с системой 4 поднятых ролика и 4 ножки (Польша) стоимостью - 2 233 000 тенге.
  • Spinal Mouse - диагностика позвоночника Определение формы спины и подвижности позвоночника в сагиттальной и фронтальной плоскостях стоимостью - 3 900 000 тенге.
  • Двухканальная комбинированная система Intelect Advanced, models 2762СС + sEMG (в комплекте физиотерапевтическая тележка и Модуль лазерной терапии (850 нм лазерный диод 100мВт2766) стоимостью - 7 778 700 тенге.
  • Многофункциональный тренажер TOTAL GYM RS Encompass Powertower TG\5300-03 стоимостью - 3 533 796 тенге. 2 ед.
  • Имитатор опорной нагрузки подошвенный («КОРВИТ») – комплектация «взрослые» (3 пары пневмоортезов с 5 по 7 размер) стоимостью - 5 800 000 тенге.

  • Негізі:

    Медициналық оңалту пациенттерді кешенді емдеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Оңалту көмегін көрсету негізінен республикалық және облыстық деңгейдегі орталықтарда, стационарлардың оңалту бөлімшелерінде жүзеге асырылады. АМСК ұйымдарында оңалтудың жекелеген әдістері жүзеге асырылады: физиотерапия, массаж, ЕДШ. Алайда, қамту оңалту қызметіне қажеттіліктің 10 пайызын ғана құрайды. «ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығы» ҚБ 2015 жылы құрылған, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қауымдастық жұмыс істеген барлық уақытта 187 жұмыс орны құрылды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін – 36. Қоғамдық жұмыс орындары - 66, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша - 85.

    Алты жыл ішінде 260 адам оңалтудан өтті. Бүгінгі таңда 40 адам оңалтудан өтті, жалпы 2024 жылы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар 50-60 адамға қызмет көрсету жоспарлануда.

    Жоба шеңберінде сапалы оңалту қызметтерін алу үшін оңалту жабдығы сатып алынады. Жоба Қауымдастық базасында штаттық мамандар күшімен, қажет болған жағдайда қосымша білікті кадрларды (кинезиотерапевт-дәрігер, реабилитолог-дәрігер) тарта отырып іске асырылатын болады. Сатып алынған жабдық 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеуге және әлеуметтендіруге, әлеуметтік дағдыларды игеруге, сондай-ақ әлеуметтену мен қоғамға кірігуге көмектеседі және заманауи тиімді жабдықта сапалы қызметтер алуға жәрдемдесетін болады. Қауымдастық бірқатар оқу іс-шараларын өткізеді.

    Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша Қауымдастық қызмет алушылардың толыққанды әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуін қалыптастыруға көмектесетін заманауи оңалту жабдықтарымен жарақтандырылатын болады. Сапаны арттыру, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетуді қолдау күтілуде.


    Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

    Жобаның түпкілікті қайырымдылық көмек алушылары мүгедектік алған 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар болады (омыртқа мен жұлын жарақаттарынан, инсульттан, тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан кейін).

    Мерзімдері мен кезеңдері:

    Жобаны іске асыру кезеңі: 2023 ж. – 2024 ж.

    Жобаның ағымдағы мәртебесі:

    Жоба жабдықтың әлеуетті жеткізушілерімен шарттар жасасу сатысында.

    ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ

    • "Инженерлік Білім Беруді Дамыту" қоғамдық қоры
    • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК
    © Социальный фонд «Қазақстан халқына»
    С помощью Дизайн десант.
    © «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
    Дизайн десант көмегімен.