ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қайғылы қаңтар оқиғаларында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету

Бағдарлама мақсаты:

Қайғылы қаңтар оқиғаларында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету.


Бағдарлама бюджеті:

Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 7 млн. теңгеден төленеді;

Ауыр жарақаттар алған әскери қызметшілерге, ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне – 3 млн. теңгеден төленеді;

Қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбандары болған қаза тапқан азаматтық тұлғалардың отбасыларына – 7 млн. теңгеден төленеді;

Қаңтар оқиғалары кезінде жарақаттар алған балалардың отбасыларына – 3 млн. теңгеден төленеді;

Қаңтар оқиғалары кезінде оқтан жарақат алған ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға – 3 млн. теңгеден төленеді;


Негізі

«Қазақстан Халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық Кеңесінің 2022 жылғы 25 ақпандағы (№5 хаттама) және 2022 жылғы 18 тамыздағы (№15 хаттама) шешімдеріне сәйкес.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсаттық тобы:

1) қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасыларына;

2) ауыр жарақаттар алған әскери қызметшілерге, ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;

3) қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбандары болған қаза тапқан азаматтық тұлғалардың отбасыларына;

4) қаңтар оқиғалары кезінде жарақаттар алған балалардың отбасыларына;

5) қаңтар оқиғалары кезінде оқтан болған жарақат алған ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға.

6) қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы кәмелетке толмаған балалар


Мерзімдері және кезеңдері:

Қайғылы қаңтар оқиғаларында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мерзімімен және кезеңімен шектелмеген.

Жобаның ағымдағы мәртебесі:

2023 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша Қор қайғылы қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен 653 адамға жалпы сомасы 2 млрд 465 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті, атап айтқанда:

- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн теңге (7 млн теңгеден);

- Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне - 333 млн теңге (3 млн теңгеден);

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға-46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған ҚР 146 азаматының отбасыларына-1 млрд 22 млн теңге (7 млн теңгеден);

- Кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы 131 кәмелетке толмаған балаға-262 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- Атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 210 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға-630 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасыларына-39 млн теңге (3 млн теңгеден).

Айта кету керек, Қор ҚР Бас прокуратурасының тиісті растайтын ақпаратты ұсыну фактісі бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді.

бағдарлама жаңалықтары


Тізімдер

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.