«QH Шапағат Орал» қайырымдылық жобасы «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдардың және егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты зейнеткерлерге, I және II топтағы мүгедектерге және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсету болып табылады.
Жобаның міндеттері:
1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ артқы көтергіші бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз ету;
2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ толыққанды әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуді қалыптастыру және сапалы медициналық-әлеуметтік көмек жүргізу үшін заманауи физиотерапиялық жабдықтармен жарақтандыру.
Орталық 1945 жылы ашылып, 540 орынға арналған. 3 бөлімше жұмыс істейді: қарттар мен мүгедектерге арналған бөлімше, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған бөлімше және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған күндізгі жартылай стационар бөлімшесі. Қазіргі уақытта орталықта 532 адам қызмет алуда. Қарттар мен мүгедектерге арналған бөлімшеде - 227 қызмет алушы: мүгедектігі бар адамдар – 95, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар - 8, зейнеткерлер - 132. Психоневрологиялық бөлімшеде барлығы 280 көрсетілетін қызметті алушы бар: тірек – қимыл аппараты бұзылған – 25. Күндізгі жартылай стационар бөлімшесінде - 25 қызмет алушы, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған – 4 қызмет алушы. Қызмет алушылардың көпшілігінде I–II топтағы мүгедектік бар. Жыл басынан бастап қазіргі уақытқа дейін арнаулы әлеуметтік қызметтермен 562 көрсетілетін қызметті алушы қамтылды.
Жобада физиотерапияға арналған автомобильдер мен жабдықтар сатып алу қарастырылған:
1) «Газель-Некст ЦМФ» мүгедек адамдарды тасымалдауға арналған автобус. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін арнайы көтергіші бар автокөлік сатып алуды көздейді.
2) «Поток-1» аппараты шағын ток көзінің көмегімен алдын алу және емдеу үшін пайдаланылады. «Поток-1» аппараты (гальванизатор) адам ағзасына тұрақты токтың профилактикалық және емдік әсері үшін (гальванизация), сондай-ақ емхана мен стационар жағдайында дәрілік электрофорез жүргізу үшін қызмет етеді.
3) «Искра-1» дарсонвализация аппараты. Дарсонвализацияға арналған аппарат - бұлшықет, жүйке, тері, жүрек-тамыр жүйесі, тіс, жақ жүйелерінің ауруларын емдеуге арналған стационарлық үлгідегі медициналық жабдық.
4) «УЖЖ-60 Мед Теко» қуатын сатылы реттейтін УЖЖ-терапия аппараты ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) электрлік немесе магниттік өріспен жергілікті емдеу әсерінің ультра жоғары жиілікті электромагниттік өрістерін пайдаланатын емдеудің физиотерапиялық әдісіне арналған.
5) Электр көрпе төсекті жылытады, суық мезгілде жағымсыз сезімдерден арылтады, үй-жайларды жылытуға үнемдеуге мүмкіндік береді, ашық терезелерде сау ұйқыны қамтамасыз етеді, артритпен ауыратын, арқа мен бұлшықеттерден зардап шегетін адамдарға оң әсер етеді, төсек аймақтарында әртүрлі температураны сақтайды.
6) «Вулкан-1» ультрадыбыстық ингаляторы стационарлық медициналық мекемелерде, емханаларда, денсаулық сақтау пункттерінде тыныс алу жолдары мен өкпені профилактикалау және тиімді емдеу мақсатында дәрілік препараттардың суда еритін сұйықтықтарының, минералды сулардың аэрозольдерін алуға арналған.
7) Ультракүлгін сәулелендіргіш. Құрылғы жоғарғы тыныс жолдарын (мұрын қуыстары, мұрын-жұтқыншақ, бадамша бездер) және құлақ қуысын емдеуге арналған.
8) «Алмаг 01» магнитотерапиясына арналған аппарат импульстік магнит өрісі арқылы зардап шеккен органдарға әсер етеді және қабыну симптомдарын жеңілдетуге, ауырсынудың жоғалуына, жұмысқа қабілеттіліктің оралуына ықпал етеді, дәрілік препараттардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
9) «ШСКС» штативіндегі сынап-кварцты сәулелендіргіш емдеу мекемелерінің физиотерапиялық кабинеттерінде емдік және профилактикалық мақсатта жалпы және жергілікті жеке сәулеленуге арналған.
10) «Биоптрон Про 1» жарықпен емдеуге арналған аппарат инновациялық, медициналық практикада қолдану үшін сертификатталған жарық терапиясына арналған аспап.