еліміздің мықты мектептерімен тығыз әріптестікте ауыл мектептерін дамытудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық жабдықтау және педагогтердің кәсіби дамуында тең жағдайлар жасау есебінен аумақтық және әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша білім беру сапасының алшақтығын қысқартуға жәрдемдесу.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының 80 ауылдық мектебі материалдық-техникалық базаны жақсартады. Жобаға қатысатын әрбір мектеп мектепалды даярлық және робототехника кабинеттерін, мультимедиялық кабинет пен STEM-зертхананы, заманауи жаңа зертханасы бар физика және химия кабинеттерін және басқаларын қоса алғанда, білім берудің барлық пәндері мен бағыттары бойынша жаңа заманауи модификация кабинеттерін алады. Сондай-ақ, жоба бойынша мектептің акт және спорт залдарында, мұғалімдер мен асханада, мектептің әкімшілік кабинеттері мен шаруашылық блогынан басқа жиһаздар мен жабдықтарды жаңарту жоспарлануда.
Ауылдық мектептердің басшылары мен мұғалімдері үшін НЗМ облыстық филиалдарының базасында Педагогикалық шеберлік орталықтарында пәндер бойынша, оның ішінде жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ объективті (критериалды) бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша курстар ұйымдастырылады. Осылайша, осы жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық жерлердегі өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту алшақтығын қысқартуға жәрдемдесетін болады.
Жобада 3 жыл ішінде ауыл мектебін жобадан кейінгі және курстан кейінгі сүйемелдеуді (НЗМ және ФУРО) жүзеге асыру көзделген.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманың және "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ның 2018 жылғы есебінің негізінде ауылдық мектептердің білім алушыларының білім сапасы қалалық мектептерге қарағанда оқу сауаттылығы бойынша 38 баллға, математикалық сауаттылық 22 баллға, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 23 баллға төмен екені анықталды. Компьютерлік сауаттылық бойынша ауыл оқушылары қаладан 70 балл артта қалды.
Жоба аясында келесі міндеттерді шешу жоспарлануда:
– осы жобаға қатысушы ауыл мектептерінің оқушылары үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- жобаны іске асыру жоспарланып отырған елді мекендерде ауылдық мектептердің жабылу қарқынын төмендетуге жәрдемдесу;
- ауылдық елді мекендерде орналасқан мектептерге бірыңғай кешенді оқу-әдістемелік қолдау және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
Сондай-ақ, "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасын табысты іске асыру мектепте педагогикалық кадрлармен тиісті толық жасақталуын, қосымша білім берумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін жағдай жасауды, кемінде 20 Мбит/сек жылдамдықпен кең жолақты интернеттің болуын талап ететінін атап өткен жөн.
Жобаны іске асыру кезеңі - 2022-2024 жылдары.
Жоба 17 өңірде жүзеге асырылады: