Қайырымдылық бағдарламасы

Болашақ инженерлер


Бағдарламаның мақсаты:

Шағын қалалар мен ауылдардың кемінде 160 мектептердің, сондай-ақ моноқалалардың 27 мектебінің оқушылары үшін инженерлік құзіреттіліктер саласында қосымша білім берудің қол жетімді және сапалы ортасын құру.

Бағдарлама ауыл мектептерінің, шағын қалалар мен моноқалалар мектептерінің оқушылары үшін қосымша білім берудің қол жетімді және сапалы ортасын құруға бағытталған.

Жоба келесі облыстарда жүзеге асырылады: Ақмола, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан; Ақтөбе, Жетісу; Алматы, Абай; Атырау, Шығыс Қазақстан; Жамбыл, Батыс Қазақстан; Қарағанды, Қостанай; Маңғыстау, Павлодар; Түркістан, Қызылорда.


Бағдарламаның міндеттері:

• Кемінде 160 аудандық мектептің және моноқалалардағы 27 мектептің сыныптарын бағдарламалық жасақтаманы, конструкторларды, электрониканы қамтитын робототехниканы (конструкциялау, электртехника, бағдарламалау) зерделеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтау;

• Көлемі 80 академиялық сағат болатын «Бастапқы және орта мектептегі робототехника» курсы бойынша кемінде 160 аудандық мектептің және моноқалалардағы 27 мектептің педагогтарға арналған біліктілігін арттыру курстарын өткізу;

• Кемінде 160 аудандық мектепке және моноқалалардағы 27 мектепке сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету үшін Алтынсарин атындағы ҰБА мақұлдаған қазақстандық оқу-әдістемелік кешендерді ұсыну;

• Сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету үшін бүкіл оқу жылы ішінде мектептердің әдістемелік қолдауын (айына кемінде 2 академиялық сағат, оқу жылында 18 академиялық сағат) жүзеге асыру.


Бағдарлама Бюджеті:

Жобаның жалпы құны 4 жылға: 1 339 668 000 теңгені құрайды.

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры – 673 200 мың теңге;

- Инженерлік білімді дамыту қоры – 464 508 мың теңге;

- жергілікті атқарушы органдардың бюджеттері – 201 960 мың теңге.

Бағдарламаның шығыстары 4 жылға (2022-2026 жж.) 2 шығындар тобынан тұрады:

• Біржолғы шығындар (Capex)

160 ауылдық мектептерде және моноқалалардың 27 мектептерінде инфрақұрылымды құруға жұмсалатын шығыстар, оның ішінде:

 Сыныптарды рәсімдеу;

 Бағдарламалық-аппараттық кешендерді жеткізу;

 Педагогтарға біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;

 Мектептерге оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және тапсыру.

Қаржыландыру көздері:

*) - «Қазақстан халқына» Қоры;

**) – Инженерлік білімді дамыту қоры;

***) – Инженерлік білімді дамыту қоры;

• Жүйелі шығыстар (Opex)

 Мектептерде қосымша білім беру шеңберіндегі педагогтардың жұмысын төлеу негізгі іс-қызмет бойынша мөлшерлемеден (орташа шамамен 1 академиялық сағатқа 2 500 теңге) 0,25% мөлшерлеме бойынша

 Білім беру процесін іске асыру процесіндегі әдістемелік және техникалық қолдау *) – жергілікті атқарушы органдар **) – Инженерлік білімді дамыту қоры


Негізі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 1000-нан астам мектеп робототехника зертханаларын ашқан, 1700 мектепте 32 мың оқушы (оқушылардың жалпы санынан 1%-дан кем) айналысады. Ауылдық жерлерден келген балалар үшін мектептегі білім беру аясында әрдайым іске асырыла бермейтін танымдық қажеттіліктерінің осы беталыстары қол жетімді емес болып қала береді.

Ауылдық жерлерден келген балалар үшін қосымша білім алудың тең мүмкіндіктерін жасау үшін Қор серіктестермен бірлесіп «Болашақ инженерлер» бағдарламасын әзірледі. Робототехниканы (конструкциялау, электртехника, бағдарламалау) зерделеу үшін ауылдық жерлердегі, шағын қалалардағы және моноқалалардағы балаларға арналған қосымша білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуді елді мекендерде тұратын барлық балалар үшін аудандардағы, шағын қалалардағы және моноқалалардағы бір жалпы білім беретін мектептің базасындағы инженерлік құзіреттіліктер бойынша ресурстық қосымша білім беру орталығын құру арқылы ұсынылады.

Қайырымдылық бағдарламасы, оның ішінде біздің еліміздің Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың оқушылардың инженерлік құзыреттілігін дамыту туралы тапсырмалары және Оқу-ағарту министрлігінің кемінде 85% балаларды қосымша білім алуға тарту бойынша мақсаттары негізінде, оның ішінде инженерлік пәндер саласында бастамашылық етілген және инженерлік білім беруді қол жетімді, жаппай және сұраныстағы етуге мүмкіндік береді.


Жағдайдың өзектілігі мен талдауы:

Бастауыш және орта білім беру мекемелердің 50%-дан астамы ауылдық жерлерде және/немесе шағын қалаларда орналасқан. Оларда Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларының 45%-ы оқиды.

Мекемелердің абсолютті басым көпшілігінде сапалы білім беру инфрақұрылымына, заманауи әдістемелерге және педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қол жетімділігі жоқ. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевпен балалардың оқып білуі үшін басымды ретінде белгіленген инженерлік құзіреттіліктерді дамыту саласында ерекше өткір болып тұр. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасында ауылдық мектептер мен шағын қалалар үшін қол жетімді инженерлік құзіреттіліктер саласындағы ашық Олимпиадалар мен жарыстар жүйесі салынбаған.

Себептердің бірі – мектеп оқушылары мен педагогтарға жарыстарға дайындалуға және тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік беретін бірыңғай білім беру кеңістігінің, стандарттары мен оқу-әдістемелік кешендерінің жоқтығы.

Бұл ретте мектептерді инженерлік құзыреттіліктерді дамытуға арналған жабдықтармен дамытудың жалпы деңгейі айтарлықтай өсті, бірақ бірыңғай әдістемелік тәсілдің жоқтығы әртүрлі қалалар мен облыстарда қағида тұрғысында әртүрлі және кейде бір-бірімен үйлеспейтін білім беру траекторияларын жасауға әкеледі. Нақты сондықтан бағдарламаның бастамашылары Алтынсарин атындағы ҰБА-мен бірлесіп елде бірыңғай білім беру кеңістігін құруға мүмкіндік беретін робототехника бойынша оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі және бекітті.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсаттық тобы:

• Инженерлік құзіреттіліктерді зерделеуге қолжетімділікті алатын кем дегенде 160 аудандық мектептер мен моноқалалардың 27 мектептерінің 1-6 сынып оқушылары.

• Қосымша біліктілік және, нәтижесінде, «тәлімгер» мәртебесін және материалдық жағдайын жақсарту мүмкіндігін алатын аудандық мектептердің мұғалімдері.

• Педагогтардың қосымша оқу жүктемесін қамтамасыз ету және, салдары ретінде, педагогикалық кадрларды тарту мүмкіндігі алатын аудандық мектептердің директорлары.


Бағдарламаның мерзімі мен кезеңдері:

Қыркүйек 2022 – мамыр 2026 (3 оқу жылы + 1 оқу жылы инфрақұрылымды дайындауға)

Бағдарламаның кезеңдері:

1-кезең: қыркүйек – қазан 2022

Бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасын дайындау (бұйрықтар, регламенттер, жабдықтар тізімі, қатысушы мектептердің қорытынды тізілімі)

2-кезең: қараша 2022 – тамыз 2023

187 мектепті жабдықтау және педагогикалық құрамды дайындау (сыныптарды жөндеу және безендіру, жабдықтарды жеткізу және педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру курстарын өткізу)

3-кезең: қыркүйек 2023 – мамыр 2026

Әдістемелік және техникалық қолдауды және жыл сайын жарыстар өткізуді қоса алғанда, білім беру процесін іске асыру. Алдағы уақытта таңдалған мектептер базасында, облыстардың/аудандардың ерекшеліктеріне байланысты, бейіндік бағыттары бар инженерлік құзыреттерді дамыту бойынша әдістемелік орталықтарын құру үшін іріктелген мектептердің мұғалімдерінің құзыреттерін дамыту


Бағдарламаны іске асыру бойынша серіктестер

  • Инженерлік білімді дамыту қоры
  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.