Бағдарламалар мен жобалар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ

Мұнда сіз Қордың әлеуметтік қолдау және оңалту саласындағы бағдарламалары мен жобалары туралы біле аласыз

Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету

Мүгедектігі бар балалар мен жастардың (14-29 жас) өмір сүру сапасын әрбір пайдаланушының қажеттіліктерін ескере отырып дайындалатын сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету жолымен өзгерту.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: мүгедектігі бар балалар мен жастар (14-29 жас)

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Бастау: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 2 014 897 478 теңге


«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтық құралдармен (экзоскелеттермен) қамтамасыз ету»

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды (церебральді сал ауруы, ми жарақаттары, жұлынның зақымдануы, параплегия, бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы және басқа да аурулары бар) тиімді оңалту, өз бетінше қозғалуға және әлеуметтенуге көмектесу үшін заманауи жоғары технологиялық роботты құралдармен (экзоскелеттер) қамтамасыз ету.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: мүмкіндігі шектеулі балалар (церебральді сал ауруы, ми жарақаттары, жұлынның зақымдануы, параплегия, бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы және басқа аурулармен)
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Бастау: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 117 000 000 теңге


«Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» қайырымдылық жобасы

8 орталықты аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған материалдық-техникалық жабдықтау, инфрақұрылымды дамыту және орталық қызметкерлерін оқыту.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар, мүгедектігі бар балалар және олардың отбасылары

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2022
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 1 018 420 576 теңге

«Тұсау кесер» жобасы

Еліміздің 5 өңірінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру үйірмелерін (бұдан әрі - ДСҮ) ашу.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 79 649 388 теңге


«Тұсау кесер» жобасы: 2-кезең

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін еліміздің 8 өңірінде дене шынықтыру-сауықтыру үйірмелерін (бұдан әрі - ДСҮ) ашу.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 5 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер (негізінен тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, церебральды сал ауруы, Даун синдромы және т.б. диагноздары бар).

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 206 895 000 теңге


«Психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған «Ақ жол-М» оңалту орталығын жарақтандыру»

Мақсаты - оңалтудағы кешенді тәсіл арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын арттыру.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 942 420 861 теңге


QH Оңалту орталықтары

Қайырымдылық Жобасы Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында 6 оңалту орталығын ашу және жарақтандыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді оңалту көмегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: мүмкіндігі шектеулі 1,5 пен 18 жас аралығындағы балалар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 1 463 364 846 теңге


QH Аудандық оңалту орталықтары

Шалғай елді мекендерде заманауи оңалту құралдарымен жабдықталған оңалту орталықтарының қолжетімді желісін кеңейту, мамандарды оңалтудың тиімді әдістеріне оқыту. Жоба аясында еліміздің 17 облысында 19 өңірлік оңалту орталығын ашу және жабдықтау жоспарланған.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: ауылдық жерлерде тұратын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 4 583 024 390 теңге


QH Шарапат

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдардың және егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК стационарында тұратындар (1 және 2 топтағы зейнеткерлер мен мүгедектер, зағип жандар, жалпы аурулар (инфаркт, инсульт) және үйде қызмет көрсетілетін зейнеткерлер болады)
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 30 666 000 теңге

QH Тарбағатай ауданының шалғай шекара маңындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау объектілерін дамыту

Тарбағатай ауданының тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсету
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Тарбағатай ауданының халқы (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар)
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 81 743 321 теңге

QH Шапағат Орал

Қайырымдылық Жобасы Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдардың және егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты зейнеткерлерге, I және II топтағы мүгедектерге және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсету болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: I-II топтағы мүгедек адамдар, «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ стационар жағдайында бөгде адамның күтіміне мұқтаж қарт адамдар (зейнеткерлер және 1 және 2 топтағы мүгедек адамдар, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек адамдар)
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 38 152 140 теңге

QH Дихан ауылындағы оңалту орталығы

Қайырымдылық Жобасы оңалту көмегінің кешенді тәсілі, пациенттерді күнделікті еңбек қызметіне бейімдеу, Жамбыл облысының тұрғындарына сапалы мамандандырылған оңалту көмегін көрсету арқылы мүгедектікті азайту арқылы мүмкіндігі шектеулі пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: мүгедектігі бар адамдар, нейрохирургиялық, кардиологиялық, ортопедиялық операциялардан өткен пациенттер, сондай-ақ инсульт, инфаркт, жарақат салдарлары, пневмония, оның ішінде Covid-19-дан зардап шеккен пациенттер болады
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 388 960 935 теңге

QH-табалдырықтан табалдырыққа дейінгі қолжетімді орта

Қайырымдылық Жобасы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жобаның мақсаты заманауи көтергіштермен қамтамасыз ету арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 84 750 000 теңге

QH Жігер

Қайырымдылық Жобасы 18 жастан асқан мүгедектердің бейімделуіне және әлеуметтенуіне, олардың әлеуметтік дағдыларды меңгеруіне, сондай-ақ заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы оңалту қызметтерін алуға көмектесуге бағытталған.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: мүгедектік алған 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар болады (омыртқа мен жұлын жарақаттарынан, инсульттан, тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан кейін)
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 63 946 733 теңге

QH Қордай арнаулы әлеуметтік орталығы

Қайырымдылық Жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ логопед кабинетін жарақтандыруға бағытталған.

Заманауи стандарттарға сәйкес балалардың сөйлеуін түзетуді күшейту бөлігінде медициналық-әлеуметтік оңалтуды жетілдіру Жобаның мақсаты болып табылады.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қордай ауданының мүмкіндігі шектеулі балалар
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды
  • Бюджет: 5 100 810 теңге

QH Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту

Қайырымдылық жобасының мақсаты – мүгедектігі орташа және ауыр дәрежедегі балалардың оңалту әлеуетін арттыру және үйде оңалтуды жалғастыру үшін оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) ұсыну арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: орташа және ауыр мүгедектігі бар балалар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 4 617 721 875 теңге


QH Ұлытау - Мейірім

Сапалы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы қоғамға одан әрі интеграциялау мақсатында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтендіру Жобаның мақсаты болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 18 жастан 30 жасқа дейінгі мүгедектігі бар ерекше қажеттіліктері бар адамдар (ақыл-ой кемістігі салдарынан психоневрологиялық аурулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған, дербес қозғалатын, жеке күтімді қажет етпейтін жастар; нашар көретін, нашар еститін, естімейтін адамдар; қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы бар жастар)

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 118 710 000 теңге


QH Шапағат Жезқазған

Қайырымдылық Жобасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігі үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған ас блогына, кір жуатын жабдыққа және мамандандырылған автомобильге арналған артқы көтергіші бар жабдықты сатып алу арқылы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: I-II топтағы мүгедек адамдар, Орталықта тұратын қарт адамдар (зейнеткерлер және I-II топтағы мүгедек адамдар (223 қызмет алушы)

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2024

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 64 037 395 теңге


QH Абай облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында медициналық-әлеуметтік оңалтуды дамыту

Қайырымдылық Жобасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүгедек адамдарға кешенді оңалту көмегін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның мақсаты оңалтудағы кешенді тәсіл арқылы балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Абай облысының мүмкіндігі шектеулі балалары мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2024

  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 20 641 363 теңге


QH Қарағанды облысында аутизмі бар және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықты жарақтандыру

Жобаның мақсаты заманауи жабдықпен жарақтандыру және мамандарға мамандандырылған әдістемелерін оқыту арқылы аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған қолжетімді орталықтар желісін кеңейту болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қарағанды облысының аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2024

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 174 882 866 теңге


QH Үлес – Қарағанды

Жобаның мақсаты жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ заманауи жабдықпен жарақтандыру арқылы медициналық-әлеуметтік оңалтуды жетілдіру болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қарағанды облысында 146 жетім бала және 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Жобаның түпкілікті игілік алушылары болып табылады

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2024

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 156 417 439 теңге


QH Түркістан облысында аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықты жабдықтау

Жобаның мақсаты заманауи жабдықпен жарақтандыру және мамандарға мамандандырылған әдістемелерін оқыту арқылы аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған қолжетімді орталықтар желісін кеңейту болып табылады.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Түркістан облысының аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
  • Басталуы: 2024

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 174 882 866 теңге


© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.