«Қазақстан халқына»
қоғамдық қоры

Қазақстан халқының игілігі үшін

Қ.-Ж. Тоқаев

«Мен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырамын

2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Қордың құрылған ұжымы бір ай ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, тиісті министрліктер өкілдерімен фасилитативтік сессиялар мен талқылаулар өткізді.

Осы талқылаулардың нәтижесінде мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған және Қазақстан халқына көмек көрсетудің тиімді құралына айналған Қор тұжырымдамасы жарық көрді. Тұжырымдама аясында Қор қызметінің негізгі бағыттары мен Қорға түсетін қаражат есебінен басым қолдау көрсетілетін халықтың негізгі санаттары анықталды.

Біз кімге көмектесеміз

Бағыттар

Қор нақты адамдарға атаулы көмекпен қатар, халық топтарына жүйелі көмек көрсетеді. Атаулы көмек алушыларды іріктеу критерийлері және жүйелік көмекті дамыту бағдарламалары Қор тұжырымдамасында нақты белгіленген.

Атаулы көмек

Атаулы көмек нақты адамдарға көрсетіледі. Атаулы көмек алушылардың санаттары Қор тұжырымдамасында нақты белгіленген.

Жүйелік көмек

Жүйелі көмек аясында халық топтарының өмірін жақсартуға бағытталған даму бағдарламалары жүзеге асырылуда. Даму бағдарламаларын іске асыру бағыттары Қор тұжырымдамасында нақты белгіленген.

Қордың донорлары

Қазақстан халқына көмек көрсету үшін Қорда бар қаражат донорлардың – жеке тұлғалардың, компаниялардың, қорлардың қайырымдылық көмегі болып табылады.
251,6

млрд теңге
түсті

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.