2024 жылғы 2 қазанда Астанада 3-ші Ұлттық қайырымдылық конференциясы аясында қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды тануға бағытталған және "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры құрған арнайы сыйлықтарды табыстау салтанаты өтті.
Сыйлықтың атауы – "Қазақстан халқынан", қордың атауымен үндеседі және баршамыз Қазақстанның біртұтас халқы екенімізді көрсете отыра, қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың бірлігін бейнелейді. Жүрек пен бионикалық қолмен безендірілген шыны стелла қайырымдылық, инновация және ғылым арасындағы байланысты білдіреді, бұл жаңа технологияның арқасында адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады. Номинациялар мен лауреаттар:
1. "Ерекше қайырымдылық қолдау сыйлығы"
Ауыл мектептерін дамыту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалту бағдарламалары бойынша жобаларды іске асыруға мүмкіндік берген 30 млрд теңге көлеміндегі қайырымдылық жарнасы үшін ERG Еуразиялық тобы марапатқа ие болды.
2. "Қайырымдылықтағы Стратегиялық альянс сыйлығы"
Қазақмыс корпорациясы ТЖ салдарын жою және "Денсаулық жолы" секілді әлеуметтік бағдарламаларды қолдау және су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер салу бойынша Қормен белсенді өзара әрекеттескені үшін марапатталды.
3. "Қайырымдылық мақсаттар үшін бейілділік сыйлығы"
Қазақстан Халық банкі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер салу бағдарламасын және қорды тұрақты қаржылай қолдағаны үшін марапатқа ие болды.
4. "Жергілікті қоғамдастық үшін қайырымдылық серіктестік сыйлығы"
Solidcore Resources тобы Қазақстан өңірлерінде спорттық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін атап өтілді.
5. "Аймақтың игілігі үшін стратегиялық альянс сыйлығы"
Қызылорда облысының әкімдігі өңірдегі оңалту және медициналық қызметтер бағдарламасын қолдағаны үшін марапатқа ие болды.
6. "Білім беруді дамытуға қосқан тұрақты үлесі үшін сыйлығы"
Aitas.kz холдингі қолдау жасайтын білім беруді тұрақты дамыту қоры, Қазақстандағы ауыл мектептерін дамытуға және білім беруді қолдауға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.
7. "Инклюзивті қоғамды дамыту"
"Қамқорлық" корпоративтік қоры балаларды мүгедектікке жол бермейтін ерте араласу орталықтарын құрғаны үшін атап өтілді.
8. "Шабыттандыратын қайырымдылық жасаушы"
Талғат Кенжеболатов "Қазақстан халқына"қорына тұрақты жеке қайырмалдықтары үшін марапатталды. Үш жыл ішінде ол жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам сомаға 300-ден астам жарна енгізді.
Марапаттау рәсімі қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал ететін барлық қатысушылар мен лауреаттарға жылы лебіздерімен аяқталды. Адамдар мен ұйымдарды біріктіретін "Қазақстан халқынан" сыйлығы қайырымдылықтың маңыздылығын атап өтіп, маңызды оқиғаға айналады.