Панфилов ауданы, Көктал ауылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынған жаңа модульдік ангар үлгісіндегі спорт залының ашылуы өтті.
Салтанатты шараға атақты жерлестер – Париж бен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Демеу Жадраев пен Нұрбақыт Теңізбаев қатысып, сондай ақ Қазақстан халқына қорының білім, мәдениет және спорт саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының басшысы Бауыржан Оразғалиев келді. Қонақтар өз сөзінде жастарға қолдау көрсетіп, ауылдық жерлерде спортты дамытуға жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Олимпиадашылар өз тілектерін білдіріп, зал қазақстандық спорттың жаңа жұлдыздары жарқырайтын орынға айналса деген тілектерін білдірді.
Залда командалық спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған, жалпы ауданы 1300 ш.м. метр, жобаның құны 159,5 млн теңгені құрады. Модульдік спорт залы Жетісу облысының әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдармен серіктестікте салынып, жер телімін бөлу, инженерлік коммуникациялар тарту және нысанды кейіннен пайдалану қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен Ақсу ауданы, Қапал ауылында да осындай модульдік залдың құрылысы мен жабдықтау жұмыстары аяқталуда.
Ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту жобасы қайырымдылық бағдарламасының бір бөлігіне айналды, оның аясында 2024-2025 жылдар аралығында 40 модульдік зал салу жоспарлануда. Биылғы жылдың соңына дейін 7 облыста 13 спорт залы ашылады, бұл спорт инфрақұрылымының тапшылығын азайтып, ауыл балалары мен жастарының спортқа қолжетімділігін арттырады.