2023 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайғылы қаңтар оқиғасы барысында зардап шеккен 585 адамға жалпы сомасы 2 млрд 249 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті, атап айтқанда:
- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасыларына – 133 млн теңге (7 млн теңгеден);
- ауыр жараланған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне – 333 млн (3 млн теңгеден);
- қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға - 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);
- қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған ҚР 139 азаматының отбасыларына - 973 млн теңге (7 млн теңгеден);
- кездейсоқ құрбан болған ҚР қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы 115 кәмелетке толмаған балаға - 230 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);
- атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 165 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға - 495 млн теңге (3 млн теңгеден);
- қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасыларына - 39 млн теңге (3 млн теңгеден).
Қор ҚР Бас прокуратурасының растайтын ақпаратты, атап айтқанда:
1) қаңтар оқиғасында кездейсоқ құрбан болған ҚР қаза тапқан азаматтар;
2) атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған ҚР ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтар;
3) жараланған балалар туралы тізімдерді ұсыну фактісі бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді.
Қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларында қалған кәмелетке толмаған балалардың тізімдерін Қорға осы ведомстволардың орталық аппараттары ұсынды.
Кездейсоқ құрбан болған ҚР қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы кәмелетке толмаған балалардың (2022 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жастан аспаған) тізімдері ҚР қаза тапқан азаматтар бойынша құжаттар жинау барысында қалыптастырылды.
Бүгінгі таңда Қор қаңтар айындағы оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған ҚР қаза тапқан азаматтарының 10 отбасына және атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 105 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Қайырымдылық көмекті жедел көрсетіп, аяқтауды тежейтін факторлар:
1) қажетті құжаттардың болмауы;
Анықтама: Қор үшін қажетті құжаттар топтамасы өтініш берушінің/жараланған азаматтың жеке куәлігін; қайтыс болу туралы куәлікті/анықтаманы/хабарламаны (нотариалды куәландырылған); баланың туу туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған); заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікті (түпнұсқа), ағымдағы шотты көрсете отырып, ақша қаражатын аударуға өтінішті (қаржылай көмекке үміткер барлық мұрагердің), кәмелетке толмаған балалардың атынан ағымдағы шотты көрсете отырып, ақша қаражатын аударуға өтінішті; сауалнама деректерінің өзгеруі туралы анықтаманы; оқ жарақатын алғанын растайтын көшірме эпикризді; қаражат алушыда шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтаманы және басқаларды құрайды.
2) техникалық сұрақтар:
Анықтама үшін: қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандардың туыстарында банк карталары жоқ және банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланбайды немесе функционалды шектеулі мақсатты картаны тек жәрдемақы алу үшін пайдаланады. Алушылардың басым көпшілігі құжаттардың фотосуреттерін жібереді, өз кезегінде Қор базасы сканерленген құжаттардан қалыптасады;
3) төлем алушылар арасында даулардың болуы:
Анықтама: жақын туыстары бір-бірімен ақшалай көмекті бөлу мәселесінде бәтуаластыққа келе алмайды. Ажырасқан отбасылардың болуы, онда бұрынғы ерлі-зайыптылар жәбірленушінің ата-анасына ақшалай төлемдер туралы талап қояды.
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, Қорға атыс қаруынан зардап шеккен ҚР ауыр жарақат алған кәмелетке толған азаматтары бойынша қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетуде.