«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын тағайындау арқылы жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Грантты ұсыну мыналарды қамтиды:
1) жоғары білімнің күндізгі оқу ақысының барлық кезеңін төлей отырып «бакалавр» дәрежесін беру;
2) шәкіртақы төлеу – жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, білім алушыға 10 ай (жыл сайын) ішінде тамақтануға, тұруға және оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған шығыстарды ішінара өтеу үшін берілетін ай сайынғы ақшалай сома.
Білім беру гранттарына жоспарланатын шығыстар: - 2022-2023 оқу жылында – 2 350 000 мың теңгеге дейін; - 2023-2024 оқу жылында – 2 640 000 мың теңгеге дейін; - 2024-2025 оқу жылында – 3 460 000 мың теңгеге дейін; - 2025-2026 оқу жылында – 4 280 000 мың теңгеге дейін.
Шәкіртақыға жоспарланған шығыстар: 2022-2023 оқу жылында – 94 000 мың теңгеге дейін; 2023-2024 оқу жылында – 105 600 мың теңгеге дейін; 2024-2025 оқу жылында – 138 400 мың теңгеге дейін; 2025-2026 оқу жылында – 171 200 мың теңгеге дейін.
2022-2023 оқу жылына арналған бағдарламаның бюджеті 2 455 600 мың теңгені құрайды. Бағдарламаның 4 жылға арналған жалпы бюджеті 13 239 200 мың теңгені құрайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы отырысында сөйлеген сөзінде қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту жөніндегі міндеттерге назар аударып, барлық балалардың тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан сапалы білімге қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті.
ЭЫДҰ-ның бағалауы бойынша (білім беру саласындағы ұлттық саясатқа шолу) мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жүйесі талапкердің отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесін ескермей, оның академиялық үлгеріміне ғана бағдарланған.
Қазақстан әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен адамдар үшін жоғары оқу орындарына әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемелерін орындай отырып, 2021 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар санатын жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде қабылдау жөніндегі квоталар тізбесіне енгізді. Квоталардың үлесі мемлекеттік гранттардың жалпы санының 53,5% -. құрайды.
Білім беруді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік гранттар саны ұлғаяды, 2025 жылға қарай 75 мыңнан астам жас қазақстандықтар мемлекеттік қолдауға ие болады. Алайда, 2030 жылға қарай мектеп бітірушілер санының екі есе өсуі күтілуде.
Осылайша, жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесі ұзақ мерзімді кезеңде де өзекті болып қала береді. Бағдарламаның өзектілігі Қордың цифрлық платформасына ел азаматтарының өтінімдері мен өтініштерін талдауды да көрсетеді. Жұмыстың алғашқы үш айында (2022 жылғы ақпан-сәуір) Қорға 1500-ден астам өтінім келіп түсті, онда аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар, мүгедек балалар еліміздің жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуді сұрайды. Өтінімдер негізінде гранттарға үміткер азаматтар санаттарының тізбесі қалыптастырылды.
Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) мүгедектігі бар тұлғалар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қор) 2023 жылғы 24 шілдедегі шешімімен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) жаңа редакциясы бекітілді. 2023-2024 оқу жылында Қор жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) күндізгі оқуға бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге 850 білім беру грантын беретін болады.
Білім беру гранты атаулы болып табылады, бір рет беріледі, бұл ретте екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімі төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің Бағдарламаға қатысушыларға тиесілігін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.
Білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан қалыптастырады.
2022-2023 оқу жылдарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2267 студент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарының иегері атанды. Қор оқу ақысы мен шәкіртақыны төлеуге 9 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Қордың қайырымдылық бағдарламасы биыл алғаш рет 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылуда. Грант бакалавриат бағдарламалары бойынша 1 миллион теңгеге дейінгі оқу құнын өтейді және оқуға түсу үшін ҰБТ-ның қажетті өту балын жинаған және мемлекеттік немесе өзге грант алмаған талапкерлерге, сондай-ақ байқау шарттарына сәйкес ақылы бөлімдердің студенттеріне беріледі.Қабылданған қысқартулар:
Қор – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры
ЖЖОКБҰ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
Бағдарлама – «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы
Қордың білім беру грантына кім үміткер бола алады?
Грант ізденушілері Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) мүгедектігі бар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Қатысушыларды іріктеу қалай жүргізіледі?
Үміткерлер ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына 10-17 тамыз аралығында өтінім береді. Үміткер өз бетінше өтінім береді және осы үрдіске жауап береді. Бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескерген жөн, сондықтан бұл ақпаратты ЖЖОКБҰ-да құжаттарды қабылдаушыдан алдын ала нақтылау қажет. Қор ЖЖОКБҰ-ға түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңес бермейді.
Қандай жоғары оқу орындарына және қандай мамандықтар бойынша гранттар бөлінеді?
ЖЖОКБҰ тізбесі Қордың сайтында жарияланған. Мамандықты үміткердің өзі таңдайды, мамандықтар бойынша шектеу жоқ.
Грант қанша оқу кезеңін қамтиды, оқу ақысының көлемі бойынша шектеме бар ма?
Грант бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың барлық кезеңін қамтиды. Оқу құны бойынша шектеме әр студентке 1 млн теңгеге дейін құрайды, егер студенттің жылдық оқу құны осы сомадан жоғары болса, онда айырмашылықты студенттің өзі төлейді.
Бұдан басқа, Қор гранты иегерлеріне жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) 40 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.
Шәкіртақыға үміткер ретінде жеке өтінім беру керек пе?
Жоқ. Шәкіртақы – Қор грантының құрамдас бөлігі.
Гранттарды тағайындау бойынша түпкілікті шешімді кім қабылдайды?
Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімі ҰБТ-ның ағымдағы күнтізбелік жылында өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан ЖЖОКБҰ тарапынан қалыптастырылады және ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде рәсімделеді.
Осылайша, ағымдағы жылдың талапкерлері арасында үміткерлерді іріктеуді ЖЖОКБҰ жанында жұмыс істейтін қабылдау немесе кез келген басқа комиссия жүзеге асырады.
Грант берілетін талапкерлердің тізімін Қор Басқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне ғана қарайды.
Қандай жағдайларда студент гранттан айырылуы мүмкін?
Өз қалауы бойынша және үлгермінің төмен болуына оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ оқудың екінші жылына қалдырылған және грант иеленушінің Бағдарлама қатысушысы екендігін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда грант тоқтатылады.
Грант иесінің Қор алдындағы міндеттемелері бар ма?
Грант иегері ЖЖОКБҰ қабылдаушысының академиялық талаптарын сақтауға және толық оқу курсынан өтуге міндетті. Қор бөлетін гранттар өтеусіз, қайтарымсыз көмек болып табылады, грант иеленушінің оқу аяқталғаннан кейін Қор алдында міндеттемелері болмайды.
Сонымен қатар, Қор грант иегері оқу кезеңінде Қордың волонтерлік бастамаларына белсенді қатысып, жалпы оқу кезеңінде Қормен байланыста болады деп үміттенеді.
Ағымдағы жылы емес, осыған дейін мектепті/колледжді бітірген үміткер байқауға қатыса ала ма?
Иә.
Жоғары білімі бар үміткер байқауға қатыса ала ма?
Жоқ.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Барлығына:
- талапкердің ҰБТ нәтижелерінің түпнұсқасы, білім алушының транскрипті;
- нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі.
Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылғандар:
- түпнұсқасы не нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған (көшірмесі дұрыс) ағымдағы жылға өзекті АӘК алушының анықтамасы (с egov.kz), немесе кандидаттың тұрғылықты жері бойынша ауданның/қаланың/кенттің/ауылдың әкімдігінен/жұмыспен қамту орталығынан, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы (аз қамтылған отбасы), аудан/қала не кент/ауыл әкімі орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның қолы қойылған анықтама.
- нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі (ауыл мектебі, шағын не моноқала мектебі).
Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған:
- екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі;
- баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.
Мүгедектігі бар азаматтар:
Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған үміткердің ағымдағы жылға өзекті мүгедектігі туралы анықтамасы (медициналық-әлеуметтік сараптама).
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан азаматтар:
Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған:
- үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баламен туыстық байланысты (қандық) растайды);
- ағымдағы жылға өзекті отбасындағы балалардың (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары, 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде):
Дерекнама негізінде әзірленетін Қор анықтамасы.