21 қыркүйекте елордада Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің, сондай-ақ депутаттық корпус, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстелі өтті.
Болат Жәмішевтің айтуынша, дөңгелек үстел Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның аясында өңірдің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылау және айқындау мақсатында өткізіліп отыр.
7 тамыздан бастап Қор коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) арасында сауалнама жүргізді, оған коммерциялық емес ұйымдардың 1400 өкілі қатысып, Қордың қызметіне кешенді баға берді. 15 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша 1000-нан астам КЕҰ-ның қатысуымен 21 тақырыптық онлайн zoom-кездесу өткізді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер мен проблемалар талқыланды, оларды шешу және Қордың қатысуы бойынша 100-ден астам ұсыныс айтылды.
«Қыркүйек айында еліміздің 20 өңірінде дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отырмыз. Міне 15 кездесуіміз Астанада өтіп отыр. Сауалнама қорытындыларын, жұртшылық пен өңірлерден келген сұрақтар мен ұсыныстар нәтижесін Қор 4 қазанда Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның қорытынды отырысында ұсынады. Бүгінгі кездесуде біз қайырымдылық көмек көрсетуде жүйелі көзқарас қалыптастыру және жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу үшін жасалған іс туралы есеп беріп, пікірлер мен ұсыныстарды тыңдағымыз келеді», – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
Әрі қарай Қор басшысы Қордың іске асырылған және жоспарланған қайырымдылық жобаларына тоқталды. Бүгінгі таңда Қор қазақстандықтардың Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаны қаржыландырады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары елдің барлық өңірлерінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылады.
Астана қаласында жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге 13 қайырымдылық жоба мен бағдарлама іске асырылуда (1,7 млрд теңгеге көмек көрсетілді, 6,2 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр).
Денсаулық сақтау саласында Астана қаласында 2,2 млрд теңгеге дәрі сатып алу жоспарланған, оның ішінде 33 пациент үшін жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Қан тамырлы патологиясы бар 18 балаға емдеу көрсетіліп, дәрі-дәрмек терапиясы қамтамасыз етіліп отыр.
Медициналық мекемелерді офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету шеңберінде «University Medical Center» корпоративтік қорына және ШЖҚ «№2 қалалық көпбейінді аурухана» МКК жалпы сомасы 37,7 млн теңгеге диагностикалық линзалар, офтальмоскоптар және офтальмологиялық лазер сатып алынды.
Медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту жөніндегі жоба іске асырылуда. Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары үшін жабдықтар сатып алынады (19,8 млрд теңге). Астана қаласы бойынша ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК-де жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге жабдық сатып алу жоспарлануда.
Медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыру бөлігінде балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту бойынша жоба іске асырылуда (3,4 млрд теңге). Астана қаласы бойынша ШЖҚ «№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» МКК және «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ға жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жабдықтар жеткізу жоспарлануда.
Шетелде 102 дәрігер-гематолог, онколог, генетик және узистерді оқыту және шетелдік мамандарды тарта отырып мастер-класстар ұйымдастыру бойынша жобалар іске асырылуда (190 млн теңге). 3-14 шілде аралығында «University Medical Center» КҚ ультрадыбыстық диагностика маманы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасының генетигі, ШЖҚ «№2 қалалық көпсалалы аурухана» МКК генетигі Санкт-Петербург қ. «Д.О. Отт атындағы Акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институтында» оқудан өтті.
Әлеуметтік қолдау саласында: Астананың 10 тұрғыны 82,4 млн теңге сомасында инновациялық протездермен, тірек-қимыл аппараты бұзылған 6 бала 54 млн теңге сомасында экзоскелеттермен қамтамасыз етілді.
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдарды қолдау бағытында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК жарақтандыру жоспарланған. Жалпы сомасы 31,5 млн теңгеге асхана, тұз шахтасын, жаттығу залын жабдықтау, бассейнге арналған көтергішпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Қанаттылар» инклюзивті театрына қолдау көрсетілді. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Қор сахналық декорацияларды сатып алуға және костюмдер тігуге, сондай-ақ Семей полигоны «Қызжылаған» спектакльді аудиовизуалды рәсімдеуге және мультимедиялық сүйемелдеуге қайырымдылық көмек көрсетті. Бөлінген қаражат сомасы 14 миллион теңге.
Білім беру саласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектептерді жарақтандыру бағдарламасы шеңберінде Астанада жалпы сомасы 40,6 млн теңгеге «№ 3 арнайы мектеп» КММ жарақтандырылды. «№2 арнайы мектеп» КММ-ні 32,5 млн теңгеге жарақтандыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан 2,7 мыңнан астам студент еліміздің 84 жоғары оқу орнында (2,9 млрд теңге) білім гранттарының иегері атанды. Астана қаласы бойынша 363 студент грант иегері.
Спорт саласында: Астана, Атырау, Семей, Шымкент, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған "Жас Жауынгер" дене шынықтыру-сауықтыру клубтары ашылды (84 млн теңге).
Пара-хоккейден Қазақстан құрамасына халықаралық жарыстарға қатысу үшін спорттық құрал-жабдықтар (следж-шана және клубтар), кәсіби жабдықтар мен жейделер (20,6 млн теңге) сатып алуға қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың басшылары елордада іске асыру үшін бірқатар әлеуметтік-білім беру жобаларын ұсынды. Олардың ішінде аутизм спектрі бұзылған адамдарға арналған, оңалту көмегі және мүгедектігі бар адамдарға арналған жобалар мен ұсыныстар, диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін жабдықтар сатып алу, экология саласындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту, ұрық хирургиясын дамыту және тағы басқалар бар.