2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды

«Қазақстан халқына» ҚҚ «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасына сәйкес 2025–2026 оқу жылында әлеуметтік осал топтардағы талапкерлерге білім беру гранттары бөлінді. Грант саны Қор Қамқоршылық кеңесінің 2025 жылғы 24 шілдедегі №24 шешімімен қаржыландырудың қолжетімді көлеміне қарай бекітілді.

Гранттар 72 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу ұйымдары (ЖОО мен ОВПО) арасында бөлінді. Қорға 70 оқу орнынан Конкурс комиссияларының хаттамалары мен талапкерлердің құжаттары ұсынылды, ал 2 оқу орнында Бағдарлама санаттарына сәйкес келетін талапкерлердің болмауына байланысты гранттар бөлінген жоқ. Ұсынылған хаттамаларға сәйкес 449 талапкерге грант берілді.

Санаттар бойынша бөлу төмендегідей:

  • 2022 жылғы қаңтардағы қасіретті оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының балалары – 1 талапкер;
  • Жетім балалар немесе кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 135 талапкер;
  • Мүгедектігі бар тұлғалар – 86 талапкер;
  • Әлеуметтік аз қамтылған ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы отбасылардан шыққан талапкерлер – 65 талапкер;
  • Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар – 162 талапкер.

Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қорының Бағдарламасы аясында 93 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу орнынан 3 859 студент грант иегері атанды, ал биылғы жылғы грант иегерлерін қоса есептегенде, қордың қолдауының арқасында барлығы 4 308 студент жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының иегерлері – талапкерлер тізімі 2025 жылғы 9 қыркүйекте Қор Қамқоршылық кеңесінің шешімімен бекітілді.

Тізімі

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.