2023 жылдың 11 қыркүйегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті.
Келесі шешімдер қабылданды:
1. «QH Трансплантация үйлестірушілерін оқыту» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Ағза ауыстырудың күту парағында көптеген жас және орта жастағы адамдардың болуы өзекті мәселе. Орган донорлығы бойынша көшбасшы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіби дайындалған трансплантация үйлестірушілерінің дамыған желісі донорлықты дамытудың қозғаушы күші.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 55 трансплантация үйлестірушісі бар, оның ішінде 3 республикалық, 20 өңірлік, 32 стационарлық. Алайда Қазақстанда трансплантация үйлестірушілерін кәсіби даярлау жүйесі құрылмаған.
Республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантация үйлестірушілерінің лауазымдық міндеттеріне әлеуетті донорларды сәйкестендіру, мидың қайтымсыз өлімін диагностикалау рәсімін ұйымдастыру, қайтыс болғаннан кейінгі донордың органдарының функцияларын қолдау мақсатында оның клиникалық жүргізілуін бақылау және мониторингілеу, туыстарымен байланыс және заңды рәсімдерді ұйымдастыру, трансплантациялау үшін органдарды бөлу, органдарды өлімнен кейін алып қоюды ұйымдастыру сияқты көптеген функция кіреді.
Осыған байланысты шетелдік көшбасшы елдердің озық тәжірибесін зерделеу және халықаралық трансплантациялық қоғамдастықпен интеграциялау арқылы орган донорлығы қызметін күшейту және кәсібилендіру қажет.
Жобада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» РМК-ның 24 транспланттау бойынша үйлестірушіні оқыту көзделген.
Түркия Республикасының Стамбул қаласындағы «Turkish Transplant Foundation» ұйымында «Транспланттау бойынша үйлестіру» бағдарламасымен 20 өңірлік транспланттау үйлестіруші, 3 республикалық транспланттау үйлестіруші және орталықт директоры қамтылады. Курс оқытушылары – донорлық және ағзаны ауыстыру саласындағы жоғары білікті және құзыретті ұлттық және халықаралық сарапшылар. Оқытуға ұлттық және халықаралық профессорлар тартылатын болады. Оқыту қорытындысы бойынша мамандар 3 жыл ішінде Қазақстан Республикасында транспланттау үйлестірушілерін каскад әдісімен оқытуды жүргізуге міндеттенеді.
Жобаның серіктестері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» РМК; «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
Осы жоба шеңберінде «Қазақстан халқына» қоры мамандардың оқу, тұру, ұшу ақысына 105,7 млн теңге соманы бағыттайды.
2. «Алматы облысының мектептерінде «Білім-инновация лицейлерінің» тәжірибесін енгізу» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Жоба жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыруға, STEM-тәсілдер негізінде жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқыту моделін әзірлеуге, педагогтердің тәлімгерлігіне және тәрбие жұмысының моделін әзірлеуге бағытталған.
Қайырымдылық жобасы Алматы облысының білім басқармасы келесі критерийлер бойынша анықтаған Алматы облысының 50 мектебін жарақтандыруды көздейді:
- PISA халықаралық зерттеулерінде, TIMSS және басқа да бағалау іс-шараларында төмен нәтиже көрсеткен;
- педагогтар мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі бар;
- олимпиадаларда нәтижелік бойынша төмен деңгейдегі;
- толық жинақты мектептер.
Жобаның мақсаты – педагогтердің біліктілігін арттыру, тәлімгерлік сүйемелдеу және білім беру инфрақұрылымын құру арқылы физика, химия, биология пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Жобаны Алматы облысының 50 толық жинақты мектебінде іске асыру ұсынылады, оның ішінде 42 мектеп немесе 84%-ы ауылдық (Еңбекшіқазақ ауданы – 10 мектеп, Жамбыл ауданы – 8, Қарасай ауданы – 8, Іле ауданы – 8, Талғар ауданы-8), 8 қалалық (Қонаев қаласы). Жобада ауылдық мектептердің басым болуы білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі - қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту тұрғысынан өзекті.
Жобаны іске асыру бойынша серіктестер: "Jelken Foundation" ҚҚ, "Білім-инновация" ХБҚ, Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, ШЖҚ "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" РМК, Алматы облысының білім басқармасы.
Жобаның жалпы құны 2 509 562 314 теңге, оның ішінде Қор серіктестерінің үлесі – 768 102 098 теңге (педагогтердің біліктілігін арттыру курстары, оқу-жаттығу жиындары, педагогтерді тәлімгерлік сүйемелдеу; кабинеттерді жөндеу). Қордың Алматы облысының 50 мектебінде жалпы сомасы 1 741 460 216 теңгеге физика, химия, биология кабинеттерін жарақтандырады. Онда пәндерді оқытуда «Білім-инновация» лицейлерінің тәсілдері енгізіледі.
Қамқоршылық кеңес отырысы аяқталған соң төраға Қайырбек Сүлейменов бастаған Қамқоршылық кеңес мүшелері «Қазақстан халқына» қорының арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі қайырымдылық бағдарламасы аясында іске асырылған Астана қаласының №3 жаңартылған арнайы мектебінің таныстырылымына қатысты. Мектеп заманауи арнайы оқу және түзету-дамыту жабдықтарымен толығып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес мүшелері «Ауылдық жерлерде тірек мектептерді дамыту» қайырымдылық жобасына енгізілген «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (РО)» КММ-нің таныстырылымына қатысты. Жобаны «Қазақстан халқына» қоры Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен серіктестікте іске асыруда. Жоба еліміздің барлық өңірлерінен 63 мектепті қамтиды.
Ә. Бөкейхан атындағы мектептің материалдық базасы толығымен жаңартылып, 36 кабинет оқу құралдарымен жабдықталды, оның ішінде робототехника, психолог, дефектолог, мектепалды даярлық кабинеттері, шахмат кабинеті, тігін мастер шеберханалары, тамақтану мәдениеті, телестудия, STEM-зертхана, АRT-студия, FabLab, кітапхана бар. Спорттық жабдықтар толығымен жаңартылды.
Қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қайырымдылық жобаларының іске асырылуын бағалап, оқушылармен және педагогтармен жеке танысып, сұхбат құрды.