2023 жылғы 14 тамызда «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті. Келесі шешімдер қабылданды:
1. «QH Дихан ауылының оңалту орталығы» қайырымдылық жобасы бекітілді. Жоба оңалту көмегін кешенді жүргізу, пациенттерді күнделікті еңбек қызметіне бейімдеу, мүгедектікті төмендету арқылы Жамбыл облысының тұрғындарына сапалы мамандандырылған оңалту көмегін көрсетіп, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Жоба шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» КМК науқастарды оңалту және әлеуметтендіру бойынша сапалы қызметтер көрсету үшін жаңа медициналық және оңалту жабдықтарымен жарақтандырылады. Орталық Байзақ ауданының Мырзатай ауылдық округі Дихан ауылында орналасқан. Елдімекен аудан орталығынан 5-7 км, Тараз қаласынан 30 км қашықтықта. Ауылдағы аталмыш орталық Жамбыл облысының барлық аудандарына қызмет көрсететін жалғыз оңалту орталығы.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» КМК медициналық қызметкерлеріне қалпына келтіру бойынша емдеудің халықаралық стандарттары бойынша шетелдік оқыту жүргізіледі.
Орталық неврология және нейрохирургия, кардиология және кардиохирургия, травматология және ортопедия, пульмонология сияқты бейінді медициналық оңалту мен қалпына келтіру бойынша емдеу жүргізеді.
Орталықтың айына 180 пациентті, жылына 2 160 пациентті қабылдай алады. Ғимаратта 130 төсекке дейін орын қарастырылған. Орталықта реабилитолог, невропатолог, кардиолог, травматолог-ортопед, психолог, ЕДШ нұсқаушылары, массажисттер және орта медициналық мамандары жұмыс істейді.
Жоба бойынша көмек алушылар: мүгедектігі бар адамдар, нейрохирургиялық, кардиологиялық, ортопедиялық операциялар жүргізілген пациенттер, сондай-ақ инсульт, инфаркт, жарақат салдарлары, пневмония, оның ішінде Covid-19-дан зардап шеккен науқастар. Жобаның мақсаты – физикалық жағдайды қалпына келтіру, еңбекке қабілетті жастағы мүгедектікті төмендету, адамды қоғамдағы толыққанды өмірге қайтару.
Жобаны іске асыру бойынша серіктестер: Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» КМК; Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы және «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ.
Қазіргі заманауи оңалту жабдықтарының көмегімен ауыл тұрғындары үшін медициналық оңалтуды емдеудің халықаралық, тиімді әдістерін практикаға енгізу жоспарлануда.
Жобаның жалпы құны 388 960 935 теңгені құрайды, оның ішінде «Қазақстан халқына» ҚҚ 320 448 520 теңгені қаржыландырады (300 145 492 теңге – оңалту жабдығының құны, 20 303 028 теңге – оқыту құны). Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының қаражаты есебінен орталықты жалпы сомасы 68 512 415 теңгеге материалдық-техникалық жарақтандыру бөлігінде қаржыландыру көзделген.
2. «76 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы бекітілді.
«Қазақстан халқына» қоры «Батыр боламын» ҚҚ-мен бірлесіп 20 мыңнан астам баланы қамти отырып, 2024 жылдың соңына дейін 100 балалар спорт залын ашу көзделген екі кезеңнен тұратын «100 балалар спорт залы» қайырымдылық бағдарламасын іске асыруда.
Бірінші кезең аясында 2022 жылдан бастап 10 облыста орналасқан шағын ауылдық елдімекендерде 24 балалар спорт залы ашылды; 52 секция іске қосылды, онда 5000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қамтылды; жобаға 52 білікті жаттықтырушы мен тәжірибелі спорт нұсқаушылары тартылды.
Залдар жұмыс істеген кезеңде оқушылар арасында қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда түрлі спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бар. Солардың бірі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында Еркебұлан Исламғали джиу-джитсудан және ММА Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Екінші кезең шеңберінде спорт түрлері бойынша секциялар шеңберінде 15 мыңнан астам баланы қамти отырып, 2024 жылдың соңына дейін республиканың 14 өңірінде 76 балалар спорт залын ашу жоспарланған, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «тең мүмкіндіктер залдары» бар. Сондай-ақ өз балалары үшін спортпен шұғылдануға ақы төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ және әлеуметтік осал санатқа жататын отбасыларды қамту көзделген.
Ауылдық жерлердегі (әсіресе шалғайдағы ауылдардағы) балалар мен жасөспірімдерді қоғамға интеграциялау, спорттағы дарынды балаларға арналған «әлеуметтік лифтілер» тетігін құру, оларды ынталандыру және қолдау көзделген. Сондай-ақ спорт олимпиадаларының болашақ жүлдегерлерін, Қазақстанның кәсіби спортшы-өкілдерін халықаралық аренада тәрбиелеу үшін білікті спорттық жаттықтырушы-тәлімгерлердің («Дені сау ұлт тәлімгерлері») тұрақты пулы қалыптастырылатын болады.
Көмек алушылардың нысаналы тобы: 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар балалар. Осы санаттағы балалардың саны бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 3-дан 5%-ға дейін құрайды.
«Батыр боламын» ҚҚ еліміздің облыстары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп балаларды спортпен қамту бойынша қажеттіліктер пысықталды, спорттық инфрақұрылымы жоқ (ДСК, спорт залдары мен кешендері, стадиондар, спорт алаңдары және т.б.) елдімекендер (негізінен ауылдық жерлер) анықталды. Спорт залдарын ашу көзделетін елдімекендер мен объектілердің тізбесі жасалды. Әр орын бойынша спорт залдарын ашу жоспарланып отырған елдімекен мен объектінің сипаттамасы бойынша егжей-тегжейлі ақпараты бар презентация қалыптастырылды.
Жобаның жалпы құны – 1 197 194 600 теңге, оның ішінде: «Батыр боламын» ҚҚ салымы - 490 986 000 теңге, спорт залдарына арналған үй-жайларда жөндеу жұмыстарын жүргізуді, бір күнтізбелік жылдағы жаттықтырушы-тәлімгерлердің жалақысын, қосымша спорт мүкәммалын, іссапар шығындарын төлеуді қамтиды. «Қазақстан халқына» қоры 706 208 600 теңге көлемінде 76 спорт залын жабдықтайды.
Қайырымдылық балалар спорт залдарын ашу жобасының ерекшелігі балалар арасында спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спорт секцияларына бару барысында болашақ спортшыларды адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, достық, өзара көмек, қолдау құндылықтарын, жаттықтырушылардың жеткіншектерді қолдауды насихаттау, сондай-ақ спортзалдардың Қамқоршылық кеңесі мүшелері, кәсіпкерлер-меценаттар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар тарапынан балаларды ынталандыру және қолдау болып табылады.
3. Жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша қайырымдылық көмек көрсету және Қордың 2022-2023 жылдардағы бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері бойынша Ішкі аудит қызметінің аудиторлық есебі және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «Қазақстан халқына» ҚҚ ішкі аудит қызметінің қызметі туралы есебі назарға алынды. Ішкі аудит қызметіне түзету іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізу, мониторинг нәтижелерін Қордың қамқоршылық кеңесіне ішкі аудит қызметінің тоқсан сайынғы және жылдық есептерінде ұсыну тапсырылды.