2023 жылғы 10 шілдеде «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті. Келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:
1. «Тарбағатай ауданының шалғайдағы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау объектілерін дамыту QH» қайырымдылық жобасы бекітілді. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту және нығайту елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды стратегиялық мәнге ие.
Жоба шалғайдағы және шекаралас Тарбағатай ауданында денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау объектілерін дамытуға бағытталған. Қайырымдылық жобасымен «Тарбағатай аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК жабдықтау көзделген. Жобаның мақсаты өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ Тарбағатай ауданының тұрғындарына әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсету болып табылады.
Жоба «Тарбағатай аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ні жалпы сомасы 50,23 млн.теңгеге оңалту жабдықтарымен жарақтандыруды және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін артқы көтергіші бар шағын автобус сатып алуды көздейді. Орталық 2016 жылы құрылған және жартылай стационар жағдайында әлеуметтік қызметтердің арнайы 8 түрін көрсетеді. Орталықтың келесі медициналық қызметтерді көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар: невропатология, медициналық оңалту, емдік дене шынықтыру, массаж, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, дәрігерге дейінгі көмек.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында орналасқан. Облыс орталығынан қашықтық шамамен 400 км құрайды. Оңалтуды жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан кейін, сондай-ақ тыныс алу жолдарының ауруларымен, жұқпалы аурулардан кейін неврологиялық, травматологиялық аурулары бар балалар да, ересектер де, сондай-ақ психо-физикалық және сөйлеу дамуы артта қалған балалар өтеді.
Бүгінгі таңда аудандық ауруханаға сөйлеу қабілеті бұзылған 500 бала, церебральды параличі бар 20 бала, аутизмі бар 5 бала, әр түрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар 18 бала тіркелген. Бұл балалардың барлығына оңалту көмегі қажет етеді. Жоба кинезотерапияны, емдік дене шынықтыруды және басқа да оңалту іс-шараларын толық көлемде көрсету үшін аудандық аурухананы 27,81 млн.теңге сомасына оңалту жабдықтарымен жабдықтауды көздейді.
Көпсалалы оңалту тобының құрамында реабилитолог, психолог, логопед-дефектолог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік қызметкер, психиатр, физиотерапевт және невропатолог мамандары жұмыс істейді.
2. «QH Шарапат» қайырымдылық жобасы бекітілді. Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жалғыз мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК 2007 жылы құрылған және стационар жағдайында 1 және 2 топтағы мүгедектерге және бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж қарт адамдарға (29 жастан 97 жасқа дейінгі 331 адам), сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін үйде (560 адам) көрсетеді.
Жоба орталықты 31,53 млн. теңге сомасына жарақтандыруды көздейді. Жарақтандыруға асхана жабдықтары, тұз шахтасы, спортзалға арналған жабдықтар, бассейн көтергіші мен компоненттер кіреді.
3. «Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру сапасының аралық мониторингі бойынша есеп назарға алынды.
4. «Болашақ инженерлер моноқалаларда» қайырымдылық бағдарламасы бекітілді.
«Моноқалалардағы QH Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасы моноқалалардың 173 мектеп оқушыларына қосымша білім алу үшін қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған. Мектептер робототехниканы зерделеуге арналған бағдарламамен қамтылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен және интерактивті панельдермен жабдықталатын болады. Бұрын бекітілген және іске асырылған бағдарламамен салыстырғанда жабдықтар тізбесі педагогтердің ұсыныстарын ескере отырып, интерактивті панельмен толықтырылды.
Бір кабинетті жарақтандыру құны 4,5 млн. теңгені құрайды. Бағдарламаның жалпы құны - 1 098 238 600 оның ішінде 319 738 600 теңге серіктес – «Инженерлік білім беруді дамыту» Қоғамдық қорының үлесін құрайды (кабинеттерді жөндеу, логистика, жиһаз, педагогтерді оқыту, ОӘК қамтамасыз ету және әдіснамалық сүйемелдеу). «Қазақстан халқына» ҚҚ қатысуы моноқалалардың 173 жалпы білім беретін мектептерін жалпы сомасы 778 500 000 теңгеге робототехниканы зерделеуге арналған бағдарламамен қамтылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен және интерактивті панельдермен жарақтандыру бөлігінде көзделген.
5. «Қостанай облысы Жетіқара ауданында ангар үлгісіндегі жылдам салынатын модульдік спорт залын орнату» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Бұл жоба тез салынатын модульдік спорт залдарын орнату арқылы ауылдық жерлерде, моно - және шағын қалаларда спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша Қамқоршылық кеңес бекіткен тәсілдер шеңберінде енгізіледі. Жобаның жалпы бюджеті 175 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жобалау, салу, монтаждау, жарақтандыру және техникалық қадағалау.
6. «QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту» қайырымдылық жобасына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. Жоба алушылардың тізбесіне Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК енгізілген. Нәтижесінде жобаның жалпы құны 61 млн. теңгеге ұлғайды. Жобаның жалпы бюджеті 3 487 221 287 теңгені құрайды.