1. «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді. Көрсетілген жылдық қаржылық есептілік тәуелсіз аудитордың – «Эрнст энд Янг» ЖШС-нің аудиторлық есебімен расталды, оған сәйкес Қордың 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі Қордың 2022 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелері мен ақша қозғалысын барлық маңызды аспектілерде сенімді көрсетеді.
2. Қордың 2022 жылғы жұмысы туралы жылдық есебі бекітілді. Жылдық есепте Қор қызметінің негізгі нәтижелері, 2022 жылғы негізгі оқиғалар, қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларының іске асырылуы, Қордың басқару органдарының жұмысы және Қордың 2022 жылғы жұмысының басқа да маңызды аспектілері туралы ақпарат берілген.
3. «QH – жабдықпен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту» қайырымдылық жобасы бекітілді. Жобаның мақсаты қатерлі ісіктерді диагностикалауды жақсарту, әртүрлі локализациялардағы ісіктерді сәулелік терапияда жаңа технологияларды енгізу, пациенттерге радиологиялық көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Жоба Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде іске асырылуда.
Жоба ел өңірлерін жоғары технологиялық заманауи онкологиялық жабдықтармен (желілік электронды үдеткіштер, виртуалды модельдеу функциясы бар компьютерлік томографтар, нейрохирургия мен жұлын хирургиясына араласудың барлық түрлерін жүргізуге арналған навигациялық жүйе) жарақтандыруды көздейді. 2023 жылы Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары үшін жалпы сомасы 19 872 717 мың теңгеге жабдық сатып алынады.
Жобаны іске асыру бойынша Қордың серіктестері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ, жергілікті атқарушы органдар, медициналық ұйымдар– ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК (Астана қ.), ШЖҚ «Ядролық медицина және онкология орталығы" КМК (Семей қ.), ШЖҚ «Ядролық медицина және онкология орталығы» КМК, ШЖҚ «Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы" КММ, «Көпсалалы облыстық аурухана» КМК (Петропавл қ.).
4. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасын жаңа редакцияда бекіту туралы шешім қабылданды. Жобаға еліміздің 17 өңіріндегі 63 ауылдық мектеп қосымша енгізілді.
Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы бойынша білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, бүгінгі таңда 17 тірек мектеп табысты құрылып, олар толық материалдық-техникалық жаңартулар мен жаңа білім беру технологияларын алды. Бағдарламаны іске асыру бойынша серіктестер мектептерде білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргізді, сондай-ақ мектептерді дамыту және білім беру сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді, мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Жоба аясында еліміздің 80 ауылдық мектебінде материалдық-техникалық база жақсартылады. Жобаға қатысатын әрбір мектеп мектепалды даярлық және робототехника кабинеттерін, мультимедиялық кабинет пен STEM-зертхананы, заманауи жаңа зертханасы бар физика және химия кабинеттерін және басқаларын қоса алғанда, білім берудің барлық пәндері мен бағыттары бойынша жаңа заманауи модификация кабинеттерін алады. Сондай-ақ, жоба бойынша мектептің акт және спорт залдарында, мұғалімдер мен асханада, мектептің әкімшілік кабинеттері мен шаруашылық блогынан басқа жиһаздар мен жабдықтарды жаңарту жоспарлануда.
Ауылдық мектептердің басшылары мен мұғалімдері үшін НЗМ облыстық филиалдарының базасында Педагогикалық шеберлік орталықтарында пәндер бойынша, оның ішінде жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ объективті (критериалды) бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша курстар ұйымдастырылады.
Жобаның бюджеті. "Қазақстан халқына" Қорының қатысуы мектептердің материалдық-техникалық базасын жалпы сомасы 15 750 млн. теңгеге жарақтандыруға көзделген. Қордың серіктесі-білім беруді тұрақты дамыту қоры жоба шеңберінде әр мектепте талдамалық және мониторингтік зерттеулер жүргізеді, пән мұғалімдері үшін жалпы сомасы 65 млн.теңгеге оқыту іс-шараларын жүзеге асырады және жобаның әкімшілік шығыстарына 234 млн. теңге бөледі.
Жобаны іске асыру ауыл оқушыларына кез келген жерге көшпей немесе элитарлық мектептерге іріктеуден өтпей-ақ, олар тұратын жерде сапалы білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
5. "Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету" қайырымдылық бағдарламасын іске асыру мерзімін бір жылға (2023 жылдың соңына дейін) ұзарту туралы шешім қабылданды.
6. "Қазақстан халқына "ҚҚ білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан талапкерлерге жыл сайын берілетін білім беру гранттарының саны 850-ды құрайды.
Қор "Қазақстан халқына" ҚҚ гранттары бойынша оқитын студенттер үшін жоғары оқу орындарында оқу үшін стипендиялар мен төлемдерді төлеуді жалғастырады.