«Қазақстан халқына» қоры Солтүстік Қазақстан облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеті арнайы мектепті жарақтандырады. 3 наурызда есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатының таныстырылымы өтті.
Мектеп-интернат «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы аясында өңірде алғашқы жабдықталған мектеп. Қор бастауыш мектеп, қазақ және орыс тілдерінің кабинеттерін, слесарь-ағаш ұстасы шеберханаларын жаңартып, жабдықтады. Осы мақсатта 33 млн теңге бөлінді.
Кабинеттерге заманауи және ыңғайлы жиһаз, компьютерлер, интерактивті панель қойылды. Жаңа тактильді-дамытушы және сенсорлық жабдықтар, соңғы модификациядағы сөйлеу тренажерлері балаларды оңалтуға көмектеседі. Шеберханаларда жөндей жүргізіліп, жаңа жиһазбен және заманауи машиналар мен құралдар жинақтарымен толықты.
«Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты арнайы мектептерге тиісті көңіл бөлінбеді. Сондықтан оқу және түзету-дамыту жабдықтары жаңалауды қажет етеді, әрі балалардың ыңғайлы және қолжетімді ортада білім алуы үшін жағдай қажет. Қордың іске асырып жатқан бағдарламасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қорының Басқарушы директоры София Айсағалиева.
Солтүстік Қазақстан облысында қайырымдылық бағдарламасы аясында 7 арнайы мектеп жарақтандырылады. Бірінші кезең шеңберінде жалпы сомасы 94,2 млн теңгеге жуық 4 мектеп жарақтандырылады, оның ішінде «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ, «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған Ломоносов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КМ. Екінші кезең аясында «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп – интернаты» КММ, «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы түзету мектеп–интернаты» КММ және «Шөптікөл арнайы мектеп-интернаты» КММ жабдықталады.
«Арнаулы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы екі жыл ішінде материалдық-техникалық базаны едәуір нығайтуға бағытталған.Қазақстанның 98 арнаулы мектебі мен барлық арнаулы мектептердің жұмысын үйлестіретін «Арнаулы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми–практикалық орталығы» РММ ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін заманауи білім беру және тәрбиелеу ортасын құруға жәрдемдеседі. Бірінші кезең бойынша жабдықталатын 32 арнайы мектепті жарақтандыруға 2 млрд 764 млн теңге бөлінеді.
Осыған дейін «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бағдарламасы бойынша Қарағанды (Шахтинск қ.) және Алматы облыстарында (Есік қ., Қаскелең қ.) 3 арнайы мектеп жабдықталды.