"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев және Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМУ алаңында баспасөз конференциясын өткізді. Брифинг барысында журналистерге Қордың жұмыс барысы, қайырымдылық шаралары мен төлемдер, алдағы жоспарлар туралы толық мәлімет айтылды. Қор жұмысы туралы негізгі мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз. Баспасөз конференциясының видеонұсқасын Қордың фэйсбуктегі ресми парақшасынан көре аласыз https://www.facebook.com/QazaqstanHalqyna.
Үш айда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 126,05 млрд қаржы түсті.
Бүгінгі таңда қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан 19 және ауыр жараланған 106 Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сома 451 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінді. Қаза болған үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді, олардың жазатайым оқиғаның құрбаны екенін құзырлы орган растады. Сондай-ақ, зардап шеккен үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасыларына ақшалай төлемдер жіберілді.
Бұл санаттағы жапа шеккендерге төленген жалпы төлем сомасы 44 млн теңгені құрады.
Қазір қаза тапқан 13 бейбіт тұрғынның туыстарына ақша аудару үшін ақпараттары нақтылануда.
СМА және Дюшен синдромы бар 20 бала мен 2 ересек адамға дәрі-дәрмек сатып алуға арналған келісім-шарт қол қою кезеңінде.
Сондай-ақ, жақын арада Муковисцидоз диагнозы қойылған 16 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға қаржыландыру жүргізіледі.
Жұлын бұлшықеттерінің атрофиясы бар 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген қымбат тұратын Onasemnogen abeparvovec (Zolgensma) препаратын сатып алу туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, қазір төрт науқасқа да дәрі-дәрмек енгізілді, дәріні қабылдау және дәріні енгізуден кейінгі қалыпқа келу кезеңі сәтті өтті.
Алғашқы дәріні төрт айлық Айсина Айнамкөз алса, кейін Асқар Фатима дәрінің тұнбасын алған. Сүлеймен Әмина мен Жаңбырбай Айсезім қабылдады.
Ана мен бала медициналық орталығының базасында «СМА емдеу» көпбейінді медициналық тобы құрылып, қазақстандық мамандар үшін Золгенсманы қолдану бойынша 2 оқу курсы өткізілді.
Осы категориядағы бөлінген қаржының жалпы сомасы 9,7 млрд теңгені құрайды.
Қор Мәскеу қаласында Федералды Мемлекеттік Бюджеттік Мекеме - В.И.Кулаков атындағы акушерлік, гинекология және перинатология ұлттық медициналық ғылыми орталығының емханасында БҚО -дан кішкентай қызды хирургиялық емдеудің екінші курсына қайырымдылық көмек ұйымдастыруға көмектесті. Ал Атырау облысынан туа біткен жүрек ақауының аса ауыр түрімен ауыратын баланы Кореяның Сеул қаласындағы INCHEON SEJONG HOSPITAL медициналық мекемесіне жеткізу үшін көмек көрсетілді. Жалпы сома 52 млн теңге.
Қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыра отырып, Қор келесі бағыттар бойынша жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға кіріседі.
Денсаулық сақтау саласында:
- Орфандық дертке шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасы;
- медициналық ұйымдарды офтальмологиялық, аудиологиялық скринингтер мен ауруларды ерте диагностикалау үшін жабдықтармен қамтамасыз ету бағдарламалары;
- Ағзалар мен тіндерді трансплантациялауға, онкологиялық және онкогематологиялық патологияларға мұқтаж науқастарға қайырымдылық көмек көрсету жобалары;
- мүгедектерді (балалар мен ересектерді), атап айтқанда, бионикалық протездерді оңалту үшін техникалық құралдармен қамтамасыз ету бағдарламалары.
Білім беру саласында «Ауылдар мен шағын қалалардағы мектептің білім деңгейін көтеру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыты жоспарда.
Айта кету керек, сайтта Қор жұмысының критерийлері бойынша Қорлар мен ҮЕҰ қайырымдылық жобалары бойынша конкурс ашылды.
Ағымдағы жылдың жоспарында «Жетім балалар мен қиын өмірлік жағдайдағы балалар» бағдарламасын жүзеге асыру жобасы бар. «Жаңа форматтағы» балалар үйлерін қолдау, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардан тыс жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз өскен жас отбасыларға тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы төлеу мәселесін пысықтау бойынша қайырымдылық қызметінің осы бағыттары бойынша механизмдер әзірленуде.
Қор «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау» бағдарламасын болашақ мамандық ретінде бағдарламалауды оқыту, спорт залдарын, музыкалық сыныптарды және басқа да аудиторияларды және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп қажеттіліктерін жабдықтау сияқты бағыттарды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоры спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуді жұмыс жоспарына енгізді
Атаmekenim.kz порталының жұмысын жақсарту және жеңілдету мақсатында Қор ұсынатын қайырымдылық қызметтерін ескере отырып, порталды жаңғыртуға IT аудит және техникалық тапсырмаларды дайындауды бастады.
Сондай-ақ, Қор сайтында қаржылық қозғалыстар мен көрсетілетін қайырымдылық көмектер туралы барлық есептерді жариялайтынын еске саламыз.