Спорт залдары мен секциялар ашу арқылы балалар спортының, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімділігін арттыру. Даму ерекшеліктері жоқ балалар да, ерекше қажеттіліктері бар балалар да айналыса алатын «тең мүмкіндіктер залдары» кіші жобасын іске асыру. Бұл санат бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 3-тен 5% құрайды.
Спорт түрлері бойынша секциялар шеңберінде 15 мыңнан астам баланы қамти отырып, 2024 жылдың соңына дейін 76 балалар спорт залын ашу, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «тең мүмкіндіктер залдары»;
Ауылдық жерлерден (әсіресе шалғай ауылдардан) балалар мен жасөспірімдерді қоғамға бейімдеу, спорттағы дарынды балаларға арналған «әлеуметтік лифтілер» тетігін құру, оларды ынталандыру және қолдау;
Білікті спорттық жаттықтырушы-тәлімгерлердің тұрақты пулын қалыптастыру («Дені сау ұлт тәлімгерлері»);
Спорт олимпиадаларының болашақ жүлдегерлерін, кәсіби спортшыларды - халықаралық аренада Қазақстан өкілдерін тәрбиелеу.
Жобаны іске асыру балалардың дене шынықтырумен айналысуын, спортпен шұғылдану арқылы денсаулығын нығайтуды және соның салдарынан денсаулыққа зиянды әдеттерден және іс-әрекеттерден бас тартуды қамтамасыз етеді, энергияны спорттық өзін-өзі жүзеге асыруға бағыттайды.
Қайырымдылық балалар спорт залдарын ашу Жобасының ерекшелігі балалар арасында спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спорт секцияларына бару барысында жаттықтырушылар тарапынан болашақ спортшыларды адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, достық, өзара көмек, зал бойынша клубтастарын қолдау құндылықтарын насихаттау болып табылады.
Жоба мыналарды көздейді:
Жобамен Қазақстан Республикасының 5 қаласының әкімшілік бағынысындағы 38 ауданда және ауылдық аумақтарда орналасқан 76 объект қамтылатын болады. ;
- «Дені сау ұлт тәлімгерлері» бірыңғай цифрлық платформасының тұжырымдамасын жасау.