«Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне локализациялау, одан әрі оларды Қазақстанның адами капиталының сапасын жақсарту үшін Қазақстанның 25 жетекші өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне қолжетімді ету.
1. Таңдалған локализацияланған мазмұнды қоса алғанда «Coursera» білім беру платформасының лицензияларын айтарлықтай үлкен қамтумен қамтамасыз ету. Осылайша, 20 мыңнан кем емес адам қолжетімділікті тиімді бөлу есебінен оқудан өту мүмкіндігіне ие болады – әрбір лицензияны бірнеше пайдаланушы пайдалана алады.
2. Курстарға кемінде 20 мың оқушыны қабылдау.
Қордың қатысуы: 2 460 472 070 теңге Серіктестердің қатысуы: 32 775 000 теңге
Әлемдегі ең танымал және беделді «Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне локализациялау (аудару), кейіннен Қазақстанның адами капиталының сапасын жақсарту үшін Қазақстанның 25 өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне қолжетімділік беру. Платформа әлемдегі 170-тен астам жетекші университеттердің (соның ішінде «Ivy League» университеттері), сондай-ақ өз салаларының көшбасшылары болып табылатын жетекші жаһандық компаниялардың (Google, IBM, Microsoft және т.б.) ең танымал курстарының ортақ кітапханасы болып табылады. Платформада жыл сайын 200 елден 110 миллионнан астам оқушы оқиды.
Қордың қатысуы елдің өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне «Coursera» білім беру платформасының 19 310 пайдаланушылық лицензиясын беруді, сондай-ақ платформаның кең каталогынан жоғары оқу орындарының талаптары мен ұсыныстары бойынша іріктелген «Coursera» білім беру платформасының 654 курсын локализациялауды (аударуды) қаржыландыруға көзделген. Аталған курстарды іріктеу кезінде оқу әдістемелік бірлестіктері жұмылдырылды, оған ЖОО-лар кіреді, олар өз бағыттары бойынша тиісті талқылаулар өткізді, олардың ұсыныстары кейіннен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді. Сонымен қатар, бұл курстар Coursera Global Skills Report-тың 2022 жылғы есебіне сәйкес ең көп сұранысқа ие дағдыларды қамтиды.
Адами капиталдың дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі білім беру болып табылады, жоғары білім оның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары білім беру өнімділігінің негізгі көрсеткіші – түлектердің жұмысқа орналасуы және жұмыс берушілердің қанағаттануы. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР ҒЖБМ-мен бірлесіп, соңғы төрт жыл ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізуде. Рейтинг 19 критерий бойынша өткізіледі, олардың ішінде: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің орташа жалақысы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылар құрамының сапасы және білім беру бағдарламаларының өзектілігі.
2021 жылғы зерттеулер жұмыс берушілердің тек 55%-ы білім беру бағдарламаларының өзектілігіне қанағаттанатынын көрсетеді. Сонымен, білім беру процесінде студенттерге ескірген және тәжірибеде қолданылмайтын стандарттар оқытылды. Осыған ұқсас жағдай қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша байқалады. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысының өсуіне қарамастан, білім беру бағдарламаларын сапасыз құрастыру фактілері бар.
Осыған байланысты, адами капиталды дамыту жоспарларын жүзеге асырудағы маңызды қадамдар қаржыландыруды ұлғайту, жаңғырту (оқу бағдарламалары, оқыту және бағалау), жоғары білім берудегі оқу бағдарламаларының үлкен икемділігі мен академиялық дербестігі, сапаны бақылауды күшейту, жоғары білімнің қолжетімділігі және оның сапасын жақсарту сияқты шаралар болуы тиіс. «Coursera» өз платформасында 110 миллионнан астам оқушыны біріктіретін ең ірі және ең беделді жаһандық білім беру экожүйесінің бірі болып табылатыны көпшілікке мәлім. Платформада әлемдегі ең мықты университеттер қатарынан 170-тен астам серіктес, сондай-ақ қазіргі заманғы бизнес пен технологиялық инновациялардың көшбасшылары қатарынан 6 мыңнан астам серіктес бар. Платформада 9 мыңнан астам курстан тұратын әлемдегі ең ірі білім беру бағдарламалары кітапханасы ұсынылған.
Жобаны іске асыру кезінде кемінде 20 мың студент «Coursera» платформасы арқылы қазақ тілінде білім алуға мүмкіндік алады, бұл кейіннен еңбек нарығында білікті кадрлардың санын арттырады.
«BMG UpSkill» ЖШС
Coursera Inc.
Жоғары оқу орындары
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі