Қайырымдылық жобасы

«Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» қайырымдылық жобасы

Жоба мақсаты

Дамудың ерте кезеңдерінен бастап даму бұзылулары бар және олардың пайда болу қаупі бар балалардың жақсы дамуы үшін жағдай жасау мақсатында 13 өңірдегі ерте араласу орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыру.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы

3 жасқа дейінгі даму бұзылулары және олардың пайда болу қаупі бар балалар және олардың отбасы.

Жоба бюджеті

2022 жылға арналған

870 273 144 теңге


Негіз

Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 10 жыл ішінде 17 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 2 есеге жуық өсті: 2010 жылы – 49 349 бала, 2020 жылы – 94 660 бала. -

Мүгедектіктің даму қаупінің негізгі факторларының бірі шала туған балалардағы орталық жүйке жүйесінің зақымдануы болып табылады. Атап айтқанда 2020 жылы 427 303 бала дүниеге келді, оның ішінде шала туған 22 070 (5,2%) бала.

Ғылыми ақпарат көздеріне сүйенсек, шала туылған нәрестелер арасында мүгедектік пайызы 20 – дан 30% - ға дейін; толық жетілгендер арасында - 6%. Осылайша, 2020 жылы туылған 28 728 (6,7%) баланың бұзылу және кейіннен мүгедектік тәуекелдері болды. Қазақстан Республикасындағы балалардың мүгедектік себептерінің құрылымында жүйке жүйесінің аурулары (28,5%), екінші орында туа біткен ауытқулар (даму ақаулары), деформациялар және хромосомалық бұзылулар (24,9%) және үшінші орында – психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы (11,9%). Бұл тұрақты кешенді оңалтуды қажет ететін контингентті құрайтын алғашқы екі топ. Сонымен, жүйелі оңалтуды қажет ететін церебральды сал ауруы бар балалардың саны жыл сайын артып келеді: 2016 жылы – 22 971 бала 0-ден 14 жасқа дейін, 2019 жылы –24 538, 2020 жылы –25 561.

Бүгінгі таңда бұзылу қаупі бар балаларға ерте диагностика және ерте абилитация көмегінің қажеттілігі өткір мәселе болып отыр. Қазақстанда ерте абилитация жүйесі жоқ. Өмірдің алғашқы айлары мен жылдарынан бастап функциялардың ауытқуларын дұрыс жүргізілген диагностикалау және түзету бар өзгерістерді жұмсартып қана қоймай, жаңа бұзушылықтардың пайда болуын болдырмауға, балалардың әлеуметтік бейімделуінің ауырлығын азайтуға және әр бала үшін мүмкін болатын өмір сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Балаларға көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде оңалту ұйымдары желісін кеңейту қажет.


Қысқаша техникалық сипаттамасы

Жобада мамандардың негізгі құрамын (кемінде 299 адам) 2022 жылғы сәуірден бастап біліктілікті арттыру курстарында оқытуды ұйымдастыру көзделген, оқыту кестесі жасалды. Сонымен қатар, оңалту моделін енгізу және қызметтер сапасын бақылау үшін орталықтарға жетекшілік ету қамтамасыз етіледі.

Орталықтардың моделі жалпы қолжетімділік (отбасылар учаскелік педиатрлар арқылы жолдама ала алады), географиялық қолжетімділік (орталықтар Қазақстанның әрбір өңірінде ашылады), қаржылық қолжетімділік (балалар мен олардың отбасылары үшін қызметтер тегін, ӘМСҚ активтерінен қаржыландырылатын болады), оқытылған мамандар командасының пәнаралық жұмысы, стационарлық, стационарды алмастыратын, амбулаториялық диагностикалық және оңалту (абилитациялық) көмегі түрінде қызметтер көрсету сияқты талаптарға сәйкес келеді. Осы жобаны іске асыру кезінде Қазақстанның әрбір өңірінде мамандардың білікті құрамымен әлемдік өндірушілердің қажетті оңалту және диагностикалық жабдықтарымен жарақтандырылған ерте араласу орталықтары құрылатын болады.

Жыл сайын әр орталықта 600 бала мен отбасы қызмет алады. Жалпы қамту-жылына 7800 бала. Аталған орталықтар осындай орталықтарды өңірлердің басқа ауруханаларында ашу үшін стандартты үлгіге айналады.

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Шымкент және Алматы қалаларының облыстық, қалалық, ауданаралық, ауылдық ауруханаларында және перинаталдық орталықтарында 13 ерте араласу орталығын құру жоспарлануда. Елбасының тапсырмасына, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың хаттамалық тапсырмаларына сәйкес 13 өңірдің әкімдіктері ауданы 520 шаршы метрден 1170 шаршы метрге дейінгі медициналық мекемелерден орынжайларды таңдады.


Жобаны іске асыру бойынша серіктестер

«Қамқорлық Қоры» КҚ -жобаның бастамашысы, мамандарды оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

«Самырұқ-Қазына Траст» КҚ - жоба бойынша материалдық-техникалық жарақтандыру бөлігінде бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Жобаны іске асыру мәселелері бойынша өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Орталықтардың жұмыс істеуіне қатысты құқықтық мәселелерді шешу;

Алматы, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері - инфрақұрылымды іріктеуді, орталықтарды жөндеуді қаржыландыруды, орталықтарда жұмыс істеу үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады.


Жобаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері

Жобаның басталуы – 2022 ж. мамыр айы.

Жобаның аяқталуы – 2022ж.желтоқсан айы

Жоба 13 қалада жүзеге асырылуда: Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорган, Павлодар, Қарағанды, Петропавловск, Арал, Орал, Атырау.

© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.