Су тасқынынан зардап шеккен 14 отбасы Жымпиты ауылындағы жаңа үйлерге қоныстанды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Жымпиты аулында "Қазақстан халқына" ҚҚ қаражатына салынған 14 жаңа үйдің кілттерін табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Осыған орай Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Шынғысбаева жаңа үй иелерін құттықтады.

"Біздің Қор Президенттің тікелей тапсырмасымен құрылған болатын. Өз алдымыздағы негізгі міндет ретінде әлеуметтік жобалармен қатар, халқымыз қиын жағдайға тап болғанда, жанында табылуға тырысамыз. Биыл білесіздер, еліміздің бірқатар облыстар үлкен табиғи апаттан зардап шекті. Біз ең ауыр мәселе кезінде, күрделі уақыттарда халықпен біргеміз.  Сырым даласында біздер салған шаңырақтар шаттыққа бөленіп тұрады. Ол үшін бек қуаныштымыз. Біз ауылға бюджет бердік. Ал, жастар елдің дамуы, ауылдың көркеюі үшін еңбектеріңізді, жастықтарыңызды беріңіздер! - деп атап өтті Ләззат Шынғысбаева өз сөзінде.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов құрылысшыларға жоғары жұмыс қарқыны үшін және "Қазақстан халқына" ҚҚ ТЖ зардаптарын жою кезінде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жаңа тұрғын үй құрылысы Сырым ауданының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

БҚО әкімдігі мен Қор арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін ауданы 80 шаршы метр типтік үйлердің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары соңғы сатыда, сондай-ақ, есеп бойынша су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылдағы 114 отбасыға жаңа баспанамен қамтамасыз ету тамыз айында жоспарлануда.   

Су тасқыны салдарын жою аясында "Қазақстан халқына" ҚҚ Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарындағы 627 отбасы үшін ауылдық жерлерде үйлерді салуға шамамен 18 млрд теңге нысаналы жарнасын бөлді.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.