Абай облысы Жарма ауданы Әуезов кентінде ангар үлгісіндегі спорт залы салынуда, ол командалық-ойын түрлеріне (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және т. б.) арналған.
«Моно-және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде ангар үлгісіндегі жылдам салынатын модульдік спорт залдарын орнату» бірлескен жобасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының, Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының (Solidcore Resources компаниясының құрамына кіреді) және жергілікті атқарушы органдардың ынтымақтастығымен іске асырылуда.
«Біздің металлургтермен әріптестігіміз, ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, сондықтан спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау және спорттық инфрақұрылымды дамыту – «Қазақстан халқына» қорының қызметіндегі басымдықтардың бірі. Екі жыл ішінде біз өңірлерде осындай 20 ангар үлгісіндегі спорт залдарын салып, ашуды, сондай-ақ ауыл балаларына арналған тағы 100 спорт залын жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Шалғайдағы елді мекендерде балалар спортының қолжетімділігін арттыру спортпен шұғылданғысы келетіндердің барлығына мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар біздің елімізде ғана емес, жаңа жұлдызды есімдер мен жетістіктердің пайда болуына серпін береді деп сенеміз», – деп атап өтті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.
– Біздің кәсіпорын Жарма ауданында спорт және балалар алаңдарын салып келеді, спорттағы бастамаларды белсенді қолдайды. Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық қайта жанданды және біздің қызметкерлер осы қозғалыстың белсенділері қатарында көкпарды танымал етуде. Біз Әуезов кентінің «Батыр» балалар хоккей командасына көмектесеміз. Балалар лайықты ойын нәтижелерін көрсетіп келеді, бірақ ең бастысы - олар дендері сау, шыныққан болып өседі» - дейді Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорнының Басқарма Төрағасы Кенбеийл Исаев.
Спорт залын салу кезінде БКӨК коммуналдық желілерді төсеу, қосу және күтіп ұстау, іргелес аумақты абаттандыру бойынша 60 млн теңгеден астам сомаға шығындарды өз мойнына алды. Жарма ауданының әкімдігі спорт залын өз балансына қабылдайды.