Бүгін Петропавл қаласындағы Солнечный-2 шағын ауданында «Қазақстан халқына» қорының қаражатына салынған жаңа үйлердің кілттері салтанатты жағдайда табыс етілді. Алғашқы 53 отбасыны қоныс тойымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақстан халқына» қорының басшылығы құттықтады.
«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды Мемлекет басшысының келуі мен «ешкім де қолдаусыз қалмайды» деген сөзідері жігерлендірді. Құрылыс барысында орындалған жұмыстардың сапасына ерекше көңіл бөлінді. Мен біздің құрылыс компанияларының аз уақыт ішінде істеген ауқымды жұмысы, жауапты көзқарасы мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын. Қазір құрылысшылар зардап шеккен отбасылардың жаңа үйлеріне тезірек көшуі үшін күні-түні еңбек етіп жатыр. Оларға алғыс айтайық. Жаңадан дамып келе жатқан шағын ауданға «Бірлік» деген атау беру бастамасын көтердім», - деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында 200 тұрғын үй салынып жатыр, оның ішінде 100 үй «Қазақмыс» корпорациясының мақсатты жарнасы есебінен, бұл облыста су тасқынының зардаптарын жою шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 40 пайызын құрайды.
«Қорға қайырымдылық жарналарын аударған қазақстандықтардың, бизнес пен халықаралық серіктестердің, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қатысуымен бірлескен күш-жігерінің арқасында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар мүмкіндігінше қысқа мерзімде жаңа баспана тапты. Әрбір жаңа үй - тек жылулық пен жайлылық емес қана, бұл бақыт пен гүлденудің мекені. «Қазақстан халқына» қоры қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған жобаларға үлес қосып жатқанын мақтан тұтады», - деп атап өтті «Қазақстан халқына» қорының басқарма мүшесі Лаззат Шынқысбаева.
«Солнечный-2» шағын ауданындағы жұмыстар 2024 жылдың 24 сәуірінде алғашқы 100 үйдің құрылысы «Қазақстан халқына» қоры мен облыс әкімдігі арасында туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін басталған болатын. Облыс әкімдігі 80 шаршы метр үй мен 10 сотық жер телімінің типтік жобасын ұсынды. Жергілікті атқарушы органдар мамыр айында мердігерлерді таңдау тәртібін қамтамасыз етіп, облыстағы 11 құрылыс компаниясымен және сәулет-техникалық қадағалау қызметін көрсететін ұйымдармен келісім-шарттар жасады.
«Қазақстан халқына» қорының алғашқы 100 үйге жұмсаған шығыны 2,735 млрд теңгені құрады. 14 мамырда «Қазақмыс» корпорациясымен меморандум жасалып, тағы 100 үйдің құрылысына 2,4 млрд теңге бөлінді.
Құрылыстың барлық кезеңдерінің ашықтығы мен мониторингін қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының құрамына жергілікті атқарушы органдар мен тәуелсіз сарапшылық құрылымдардың өкілдерімен бірге әлеуметтік белсенділер енгізілді.
Еске сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккен еліміздің 6 өңірінде «Қазақстан халқына» қорының қатысуымен 649 үй салынады. Бұл мақсатқа 10 млрд теңге, сондай-ақ 2024 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында жиналған қазақстандықтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ерікті нысаналы қайырымдылықтарынан 6,487 млрд теңге бөлінді.