«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында типтік жоба бойынша 80 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.
Құжат қайырымдылық мақсаттарға қол жеткізу және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын айқындайды.
Жергілікті атқарушы органдар су басу қаупі жоқ жер учаскелерін беруді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дайындау және құрылыс жұмыстарына құжаттамалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Әкімдікпен жасалған серіктестік шарттарының бірі – рәсімдердің ашықтығы, бенефициарлармен түсіндіру жұмыстары және жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізу. Құрылыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғын үй құрылысына Қордың Қамқоршылық кеңесі 10 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында жиналған қайырымдылық осы мақсаттарға жұмсалады.
22 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан халқына» қорының есепшотына жеке тұлғалардан, компаниялар мен ұйымдардан 6,4 млрд теңге түсті.