2024 жылғы 22 қаңтарда «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті.
Келесі шешімдер қабылданды:
1. «ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС-н органдарды транспланттауға арналған жабдықтармен қамтамасыз ету» қайырымдылық жобасы бекітілді.
Қайырымдылық жобасы органдарды транспланттауды жүргізу үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы трансплантология бейіні бойынша Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыруға, ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС мамандарының құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.
Жобаның түпкілікті қайырымдық көмек алушылары бауыр мен бүйрек трансплантациясын қажет ететін адамдар болады. Жобаның серіктесі және алушысы ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС болады.
Бүгінгі таңда трансплантология науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өмір сүру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық көмектің ең сұранысқа ие түрлерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында транспланттаудың 85%-ы көзі тірісіндегі туысқан донорлардан жүргізіледі, олар әдетте қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың төмен деңгейіне байланысты бауырдың немесе бүйректің бір бөлігін өздерінің жақын туыстарына береді және кейіннен мүгедектікке ұшырау және транспланттауға мұқтаждар қатарында болу тәуекеліне ұшырайды. Ал дамыған елдерде трансплантацияның орта есеппен 95%-ы қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалады.
2022 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық 2017 жылмен салыстырғанда 5 есеге төмендеді (54-тен 11 қайтыс болғаннан кейінгі донорға дейін). Қазақстанның орган донорлығының әлеуеті жыл сайын 180-нен 240-қа дейін адамды құрайды, олардың әрқайсысы 4-тен 7-ге дейін адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
ҰҒОО 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының пациенттері үшін 549 бүйрек трансплантациясын, тірі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 87 бауыр трансплантациясын жүргізді. Соңғы 3 жылда ҰҒОО-да 116 бүйрек және 12 бауыр трансплантациясы жасалды.
ҰҒОО бүйрек трансплантациясы операциясынан кейін пациенттердің бір, үш және бес жылдық өмір сүруінің жоғары нәтижелерін, сондай-ақ бауыр трансплантациясынан кейінгі орташа көрсеткіштердің қанағаттанарлық көрсеткіштерін көрсетеді.
ҰҒОО Қазақстан Республикасындағы еліміздің трансплантолог дәрігерлерін оқытуға және қайта даярлауға лицензиясы бар жалғыз орталық болып табылады.
Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдай бойынша бүйрек трансплантациясына кезекте 3 515 пациент, бауыр трансплантациясына – 170 пациент тұр.
ҰҒОО-да трансплантологиялық көмекті жетілдіру мақсатында медициналық жабдықтарды сатып алу:
1. Лапароскопиялық органдар жинауды енгізу арқылы мамандардың, ҰҒОО резиденттерінің және өңірлердің біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл пациенттің стационарда болған төсек-күндерінің санын азайтады;
2. Елдегі пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыра отырып, ағзаларды трансплантациялау санын ұлғайтуға;
3. Органдардың бірыңғай тіркелімінде (Күту парағында) адамдардың санын азайтуға;
4. Халықаралық деңгейде Қазақстанның трансплантология деңгейін арттыру мақсатында шетелдік трансплантация орталықтары үшін мастер-класын өткізу есебінен қазақстандық трансплантологтардың мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба аясында жалпы сомасы 617 788 582 теңгеге медициналық бұйымдарды сатып алу жоспарлануда. Жобаны іске асыру мерзімі - 2024 жыл.
2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Абельгази Калиакпарович Кусаиновтың өкілеттігі оның бастамасы бойынша тоқтатылды.
3. Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Серик Турарович Сейдуманов сайланды.
4. Қордың 2023 жылғы қаржылық есептілігінің сыртқы аудитін жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйым — «Эрнст энд Янг» ЖШС анықталды.
5. Мониторингтік есептер назарға алынды:
- «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтандырылған құралдармен (экзоскелеттермен) қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасы бойынша;
- 2023 жылғы Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көрсетілген қайырымдылық көмек бойынша.
6. «Қазақстан халқына» ҚҚ ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы қызметі туралы есеп назарға алынды.